Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денесінен 16 ине табылған сәби ауруханадан шықты

Денесінен 16 ине табылған сәби ауруханадан шықты

Денесінен 16 металл ине табылған сәби ауруханадан үйіне жіберілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Новости Узбекистана» басылымына сілтеме жасап.
Мемлекеттегі Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сәби ұзақ уақыт бойы ем алған. Денесінен 16 ине табылған Азизбек Абдумаджидов республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығына қаңтар айының ортасында келіп түсті. Дәрігерлер ота жасап, денесіне 13 ине алып шықты. Айтуларынша, қалған үш ине денсаулығына қауіп төндірмейді. Араға екі ай салып сәби ата-анасымен бірге Ферғана облысындағы үйіне кетті. Әрі қарай Азизбекті аймақ дәрігерлері бақылайтын болады.
«Күйеуім екеуіміздің бес жыл бойы баламыз болмады. Біз Азизбекті асыға күттік. Ұлымызды аман алып қалған дәрігерлерге айтар алғысым шексіз», - дейді сәбидің анасы Шохсанам Балтабаева.
Әлі күнге дейін 11 айлық сәбидің денесіне инелердің қалай кіргені анықталмады. Дәрігерлер Азизбектің бұл инелерді жұтпағанын айтады. Яғни бұл инелер оның ағзасына тері арқылы түскен. Ташкентте сәбиге ота жасалған соң, құқық қорғау органдары аталған фактіге сәйкес тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтқан болатын. Әзірге тергеу нәтижелері жарияланбады.
16 наурыз 2018 ж. 1 951 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 60

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031