Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда көшеден 20 көгершіннің өлексесі табылды

Алматыда көшеден 20 көгершіннің өлексесі табылды

Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Кептерлердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз, - деп хабарлайды  КТК телеарнасы.
Арықтар да көгершіндердің өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында да шашылып жатыр. Бәрінің де тұмсығынан қан аралас көбік аққан.
"Құстарды әдейі улаған. Тышқанға қарсы дәрі шашқан. Бұл кісі қолынан жем алып үйренген көгершіндер. Ешкімге зияны жоқ еді. Бұл арада бала ойнайды. Олар да уланып қалуы мүмкін. Полицияға шағымдандым. Бірақ олар арызымды қабылдамады", - деді Анастасия Мигунова.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, тұрғындар құстарға әлдебіреулердің қасақана у бергеніне сенімді. Себебі, бірер күн бұрын кептерлерге бола өзара жанжалдасып қалған. Біреуі маңайды ластады деп, кеміргіштерге қарсы дәрімен көзін құртқысы келсе, басқалары үзілді-кесілді қарсы шыққан.
Қалай болғанда да көгершіндердің не себепті қырылғаны белгісіз. Удан сескенген жұрт енді санитар дәрігерлерден дереу сынама алуды сұрап отыр.
08 мамыр 2021 ж. 5 812 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 147

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031