Тәлкекке түскен тағдыр
– Қымбаттым, тезірек үйден шықпасақ ұшақтан қалып қоямыз. Бар-жоғы бір апта ғана боламыз ғой. Қыстық сырт киіміңді не істейсің? Күн райынан жылылық байқалады.
Осылай күйеуін келемеждегісі келген келіншек құжаттары мен керек заттарын түгелдеді. Орталық диспечер қызметкері де оқтын-оқтын үйдегі қара телефонды шырылдатып таксидің біраздан бері күтіп тұрғанын айтып асықтыруда.
Жүктерін есік алдына апарып, аяқ-киімін байлап тұрып Тимур: “Сүйіктім, бұл екеуміз үшін ғана емес, мына шаранаға да тамаша демалыс сыйлайтын шығар, ә? – деді. Сосын бір тізесін бүкті де, құлағын әйелінің шарша домаланған ішіне тосты. Асығып тұрғандарына қарамастан бір апта болатын Түркиядағы қонақүйдің атын, қыдыратын жерлеріне дейін әңгіме қылып, бойға біткен жүгірмекке баяндап берді. Ол күйеуінің екі иығын ұстап, тұруға ишара танытпағанда осылай отыра беретін түрі бар. Екеуі екі жаққа сапарлап бара жатқандай бірін-бірі құшақтап тұрды да, асығыс-үсігіс төменге түсті. Үй есігі айқара ашылғанда айнала жап-жарық бола қалды. Тимур қолындағы сөмкелерді тастай салып, көздерін жарықтан тұмшалады. Ұйқы құшағында жатып, түс әсеріне берілген ол осы тұста оянып кетті. Әдеттегідей құлағына Мадинаның қатқыл дауысы естілді.
– Тұр, жұмысқа кешігесің. Ол саған бәрінен маңызды емес пе? Екінші отбасыңды көп күттірме. Ой, кешір, біріншің екен ғой.
Бұл әңгіме сары әйелдің перзентханадан шыққаннан бергі күнделікті ұранына айналған. Тимурдың мезі болғаны рас. Кінәлі болғасын көнеді де. Сондағы айыбы – Орал мэрі бұл басқаратын бөлімге келіп, жұмысымен танысамын дегенде “перзентханаға баруым керек” деп айта алмағаны. Өмірге келгені – екінші сырғалысы болғанымен Тимурдың ерекше көңілді болғаны рас. Бірақ осы жағдайға байланысты әйелінен кешірім сұрап, оны шығарып алуға достарын жіберген еді. Онан бері де екі жылға жуық уақыт өтіп кетті.
Тимур әйелінің бұл әңгімесіне еті үйреніп кеткен. Көңіліне басқа күдік кіргізгісі келмейді. Кейде адам кешіре алмайтын әбестік жасамағанын айтып, мәмілеге шақырады.
– Мадина, мен өзім үшін жүрген жоқпын ғой. Барлығы сен және қыздарымыздың тоқшылықта өмір сүруі үшін... Әйтпесе мына қалада өмір сүру қиын екенін өзің де білесің. Тақ та мәңгі емес. Кішкене аяққа тұрып, жағдайымызды жөндеп алғасын жеңілдеу жұмыс табамын. Мүмкін кәсіп ашып, қолымызды жылы суға малып отырармыз. Сәл шыдашы, – деді жақындап келіп. Сары қатын төсектің жабынын жапсыра салып, кері бұрылып кетті. Сосын кілт тоқтады да: «Балаларды мектептен әжесі алып кетеді. Кешкілік сөйлесетін әңгіме бар», – деді.
Жігіт қала бейнесін алақанда тұрғандай анық көрсететін терезеге зер салды. Осындай алып шаһарда, таршылық көрмей өмір сүріп жатыр. Сұлу әйелі, қылығы тәтті қыздары бар. Бірақ көңіліндегі жайсыздық бақытты еркек екенін ұмыттыра береді. Жанұядағы суықтық еңсесін баса түседі. Бәрін жан-жарының олқылықты орнына келтіруге құлықсыздығы құртып тұр емес пе?
Таңғы асқа тәбеті тартпады. Қыздарын көлікке отырғыза бергенде, кенжесі Анель оның бұл түрінен зеріккендей: “Әке, мұңаймашы. Әйтпесе сені жақсы көрмеймін”, – деді қос қолын кеудесіне айқастырып. Ерінін бұртитып, қабағын түйіп алған. Бұл көрініс Тимурды еріксіз күлдірді. «Анасына қалай тартқан десеңші?» деді іштей. Жүзіндегі күлкісін жимай, құшақтап, бетінен сүйді. Сонан соң бірін балабақшаға, екіншісін қала сыртындағы ақылы мектепке жеткізіп салды.
Кешкілік жаңа жобаларды қолға алмақ болса да, ертеңге қалдыра салған. Нешінші рет дейсіз ғой? Күнде көзін ашқан бойда долы қатын күйзеліске салып жіберсе, қайдағы жаңалық, қандай жоба шықсын бұдан. Сонда да офиске келді. Жұмысқа құлықсыз. Бұл басқаратын бөлімнің табыс рейтінгі құлап кеткені қашан. Тек “күнім өтсіннің” әлегі ғана. Іші түбі бір жамандықтың боларын сезіп отырғанымен білек сыбана іске кірісетін ынта жоқ, білем. Осылай отырғанда директоры шақырып алды.
– Тимур. Ай, Тимур-ай, бұлай болмайды. Бірнеше мәрте ескерту алдың. Маған ренішің жоқ шығар. Қазір кабинетіңді босат. Лауазымыңды төмендету туралы бұйрық бердім. Енді бұрынғы орынбасарыңа бағынасыз. Боссың, – деді ол. Бұған не жауап берсін? Басын шұлғыды да, шығып кетті. Өзі жылдар бойы күш-жігерін сарп етіп құрған дүниесі ақырындап астан-кестенге айналып бара жатқанын сезді. Жұмыс бөлмесіне барып, отбасылық суреті мен бірнеше буманы сөмкеге сүңгітіп жіберді де, үйге қарай аяңдады.
“Сөйлесетін әңгіме бар”. Жол бойы Тимурдың санасында ойнақтаған тіркес осы. Бала-шағасынан бөлініп кетуден қорқады. Болмашы нәрсе үшін олай ете қоймас қой, бірақ... Бұл сұрақтың жауабын тек әйелі білетін секілді. Үйге жетіп, ең құрығанда осы мәселеге нүкте қоймаса бұның көрген күні құрысын.
Мезгіл түске таяп қалды. Әдетте түскі асқа үйге келмегесін бе, ол тұратын үйдің күндізгі келбеті ерсілеу көрінді. Кешелі бері нәр татпағасын Мадина екеуі қауқылдасып, оңаша отырып ауқаттанудан да дәмесі бар. Бірақ әйелі таңертең үйдегілерді шығарып салғаннан кейін қайта ұйқыға жататын. Қазір де тынығып жатқан болар.
Демін ішке тартып, есікті ақырын ашты. Бірақ ас үйден жағымды дауыс естілді. Үйде қонақ бар секілді. Өзінің келгенін білдіріп, әдейі дыбыс шығарайын деп еді, ойынан тез қайтты. Әйелі кіммен, нендей әңгіме айтып отыр екен? Бір сәт бұл қызығушылығынан өзі ұялғандай болды. Бірақ кіреберісте үнсіз қалғанды жөн көрді. Әйелі әлгі қонаққа еркелей сөйлегенде ғана бұлай жасағанына өкінді. Жүрек тұсы шымырлай кетті.
– Тимур бізді түсінеді деп ойлайсың ба?
– Дұрыс өмір сүрудің нақты формуласы жоқ, жаным. Біздің Тимурға жасаған ісіміз қателік болса да, Анельді бұлай бағалай алмаймыз ғой. Жүрек үніне құлақ асқанымыз – бар күнәміз сол. Ажырасқаннан артық амал жоғын өзің де біліп отырсың, – деді әлгі ер адам дауысы. Бұдан арғысын естіген де жоқ, көңіл толқыны алай-дүлей...
Сатқындық. Екіжүзділік. Опасыздық. Тимур жалғыздыққа мойынсұнып қасіреттің құрбаны болғанын түсінді. Тек жанын қиып беруден аянбайтын Анель бұған кім болатынын білмейді. Құр сүлдері қалып, жұмыстан шаршағанда үйге қарай асығуының жалғыз, бейкүнә себебі кенжесі емес пе еді? Енді не жұбаныш қалды? Жылдар бойы жаңағы ас үйдегі екеудің қуыршағы болып келгені ме? Ендеше олардың да жазалануы керек. Бұның жан дүниесі қалай жыртылды, сол ақыретті олардың да сезінгенін қалап-ақ тұр. Бірақ, не істей алады? Денесінен әл-дәрмен қашқандай, қос қолымен басын қысып, отыра кетті.
Есік алдында біреу барын іштегілер енді ғана сезді. Ақырын ас үйдің табалдырығынан басын әзер шығарып, кіреберіске көз тастаса Тимур екен. Орнынан жұлқына тұрып, осылар жаққа қарай келеді. Әңгімелерін естіп қойғанын сезген Мадина асып-сасып келесі бөлмеге қарай қашты. Тимурға керегі ол емес еді. Дауысы таныс Анельдің шынайы әкесін көру болды. Ас үйге кірген бойда терезе жақтауына тіреліп, өзін қоярға жер таппай тұрған еркекті байқады. Құрғыр-ай, мынау, өзінің досы емес пе?! Иә, отбасылық сыйласына айналған Максим. Дәл өзі. Кенжесін перзентханадан шығарып алуға барған да осы емес пе?

***
Қайда, қанша жүргені белгісіз, есін жиған сәтте полиция учаскесінен табылды. Үстінде қаннан ада жер жоқ. Полицейлер де не жағдай болғанын түсінбей, өз-өзіне келгенін бақылап отыр екен. Өмірінде тіршілік иесіне зиянын тигізіп көрмеген жігіт қылмыстың өтеуі жаза деп білетін. Сол себепті айналасындағыларға жасаған қылмысын мойындағалы келгенін жеткізді. Көп ұзамай сот отырысы өтіп, жеті жылға абақтыға жабылды. Бұл бұрын сотты болмағаны және өз кінәсін мойындап келгені үшін жасалған “рақымшылық” еді.
Тимур негізінен Ресейде туған. Балалық шағын басқалардай сағынбайды. Өйткені жоқшылықта өсті, әке-шешеден ерте айырылды. Оқу бітірген бойда Кеңес үкіметі құлағанда, Алматыда қалып қойған әкесінің інісінің қолына келді. Маңдай термен еңбек етіп, біршама жетістікке жетті. Көпшіл, адамдармен тез тіл табысатын қасиеті бар еді. Аз уақыттың ішінде ағайыннан жақын достар тапты. Олар тағдырдың жазуымен Мадинамен таныстырды. Екеуі отау тіккеннен кейін біраз уақыт сәби күлкісін ести алмағанымен сабырлы қалыптарынан таймады. Бес жылдан соң тұңғыштары дүниеге келіп, махаббаттарын қайта жаңғыртқандай болған. Артынан екінші бүлдіршін шыр етіп, үй ішіндегі бала күлкісі еселенді. Содан бірер ай өткеннен кейін ғой Мадинаның қылық шығарып жүргені. Бұл да өткінші болар деп үміттенді. Ақыры осылай болады деп кім ойлаған?!
***
Түрмедегі түсініксіз тіршілікке үйрену қапелімде-ақ екен. Бастан өткерген қасіретін іште сақтаудан жалыққанда қасындағы “әріптестеріне” баяндап береді. Ондағылардың не ойлайтыны белгісіз, бұны “жігіт екенсің” дейді. Бұл “жігіттің” жағдайын білуге не достары, не бала-шағасы бірде-бір рет келген емес. Шамасы ұмытқан. Уайым түбіне батып кетпеу үшін түрмедегі қоғамдық жұмыстарға жиі араласады, қолөнер бұйымдарын жасауды үйренді. Бес жылға жақын қалғанда үлгілі тәртібі үшін түрмеден ерте босап шықты.
Тимур үшін нағыз түрме бостандық екенін ол кезде ешкім білген жоқ. Абақты ауласынан шыққан бойда қай бағытқа қарай жүрерін білмей аңтарылып қалғаны рас. Осы бейбақты күтіп отырған біреу бар ма? Бірер күн бұрын түрме күзетшілерінен телефон сұрап, Мадинаға хабарласып көрген. Сондағы ойы қыздарын құшағына алып, мауқын басу еді. Бұрынғы жары бұған тағы бір тосын сый дайындап қойған екен. Бұған дейін көрген базынасы аздай, опасыз әйел басқа адамға күйеуге шыққанын айтып, балаларының бақыты үшін жайына қалдыруын өтінген.
– Кету керек! Бұл қала мен үшін қасірет, – деді де теміржол жаққа жол тартты. Шындығында Тимур қыздарының өгейсіне қараған көзқарасынан қорықты. Қазір басқа біреуге “әке” деп жүрген бүлдіршіндерінің бұны жылы қабылдамасы анық. Бұлай қор болғанға жаны шыдамасын біліп, теміржол бойына келіп тоқтаған пойыздың біріне мінді де кетті.
Жалғыздықтан жапа шеккен жанның шөлмектен шер тарқататыны жасырын емес. Бұл бейбақ та сары уайымнан арылтатын бір нәрсе болса ол арақ деп ойлады. Әп-сәтте пойыз мейрамханасынан жолаушы “достар” тауып алды. Тек отырыс-жиындарда ғана аздап дене қыздыратыны болмаса, ішімдікке әуестігі жоқ еді. Мінекей, төртінші шөлмектің ыдысы босағалы тұр. Бұдан кейінгі сіміргендері есінде емес. Біраз уақыттан кейін әлдебіреу оң жақ көзін оңдырмай соғып жібергенде ғана айналасына көз жүгіртіп үлгерген. Екі күн орнынан тұрмастан ішімдік ішкен адамның жағдайы белгілі емес пе?
– Тұр, ей! Әкесінің үйінде жатқандай керіледі ғой өзі, – деді бейтаныс адамдар. Бүйіріне батып бара жатқан таяқшаны қолымен әрі ысырып жіберді. Көздерін уқалап, орнынан әрең тұрды. Оң жақ жанары жарық көрмейді. Шамасы ісініп кеткен болар. “Не болды?” дегенше болмады екі полицей қолын қайырып, кісен тақты. Дәліздегілер сыртқа ұмтылған бұларға үрки қарап, жол береді. Жолаушылардың бұдан сескеніп тұрғанын өзі де байқап келеді. Неге екенін полиция бөлімшесіне барғанда бір-ақ білді. Сөйтсе бөтелкелестерімен төбелесіп, мейрамхана заттарын қиратқан.
– Құжаттарыңызды көрсетіңіз, – деді форма кигендердің бірі. Шыққан мерзімі көнелеу болғанымен, жақсы сақталған, түрмеге түсер алдында қабылдау бөліміне тастаған күртешесінің ішкі қалтасына қолын салды. Бірақ суырып шығарар ештеңе таппады. “Жоқ” деуге аузы бармай басқа қалталарына кезек-кезек қолын сүңгітеді. Бірақ жоғалтып алған сияқты, таппады. Полицейлер де көп сөзге келмей, абақтыға тоғытты.
Бұл күндер өткен оқиғалардан ауыр болмаса да жапанда жалғыз қалу жанына батты. Тіпті қай қалаға келгенін де білмейді. Бұдан кейін қалай өмір сүретінін, болашағы не болары беймәлім. Полицейлер бұны көше кезген қайыршы қатарына қосып қойғалы қашан. Өйтпегенде ше? Өткен өмірі жайлы ауыз ашып ақпар бермеген адамды басқа қалай атарын олар да білмейді. Ақыры іздеушісі табылмағасын жайына қоя берді.

Қаңтар. Қалың қар жауып тұр. Бейтаныс қалада барар жері, басар тауы жоқ Тимур тіпті жүдеп кетті. Полицейлер келеке еткен диуананың тап өзі болып шыға келді. Өткен-кеткеннен тиын-тебен сұрап, онысына бір шөлмек арақ, артылса талғажау етуге нан сатып алады. Кешкілік есігі ашық қалған жертөлені қоныс етеді. Бұрынғы өмірін, отбасын сағынғаннан не пайда, ішкіліктің қарғыбауына қамалып қалды.
Тимур өлместің күнімен жүрген жері Қызылорда қаласы екенін артынан білді. Бірақ қайда жүргені кімді қызықтырады? Бұл шаһарда бейбаққа адам сияқты қарайтын қамқоршы бар ма екен? Ең құрығанда екі қолға күрек беріп, жұмыс тауып берер біреу болса қанекей. Ондай адам жоқ. Көне базар маңын торып, жалдамалы жұмысшы іздеушілердің көзіне түсуден басқа амал мақұрым. Араққа салынып-ақ кетті.
Есепсіз өтіп жатқан осындай бір күні бұл өзіне ірі денелі адамның қарап тұрғанын байқады. Таныс біреу ме екен деген ой көңілде қылаң берді. Әйтсе де “мені мұнда кім білсін?” деп үмітін үзгендей болды. Онысы дұрыс болған секілді. Бірақ әлгі кісі сұлбасы келіскен жігітті бастан аяққа дейін ақырын қарап өтті де: “Жұмыс істегің келеді ме?” деп сұрады.
– Иә, бірақ қандай?
– Ауылдық жерде мал шаруашылығына көмектесесің, техникадан хабарың болса тіптен жақсы. Жалақың уақытылы, баспанаң болады, керегіңді қаладан әкеліп беремін, – деді бейтаныс. Құдайдың бергені десейші, Тимур көп ойланып тұрмады. Өйткені өзі сияқтылар мұнда толып жүр. Келіспесе әлгінің басқа біреуді әкететін біліп, келісімін берді. Бірер сағаттан кейін жол талғамайтын көлікке мініп, қаладан шығып кетті.

Адамға тағдыр айдаған жолмен жүру таңсық емес. Тіпті о бастан-ақ көрер жарығыңды, басар тауыңды Құдай Тағала пешенеңе жазып қояды деген ұғым бар. Бірақ межелеген мақсаты бар, соған қарай жанұшыра ұмтылған жанның тілегіне Құдай да құлақ салмай ма? Алайда бұл алдына жоспар қоймақ түгілі ертеңгі күні қалай өмір сүретінін білмейді. Қазір оған жан бағудың өзі қайғы болып отыр.
Жолай жұмыс беруші бұны әңгімеге тартып көрді. Қызылордадағы базар маңын жетіскен адам торуылдамайды ғой. Бұл да бейбақтың басына келген бақытсыздықты білгісі келеді. Ал ескі жараның бетін қанатып, жүрегін сыздататын өмірі жайында сөз қозғау оңай емес. Әсіресе жаңа танысқан адамға. Жуан келген жігіттің есімі Жаңбырбай екен. Қазалының қазағы. Бар білетіні осы.
Жаңбырбайдың орысшасы жақсы екен. Көлік ішіндегілер іле-шала біріне-бірі жетім сұрақтар қойып келеді. Көбіне керең тыныштық. Кеш те батып қалды. Тағдырдан таяқ жеген жігіт терезе жақтауына сүйеніп, өткенін еске алды. Күртешенің ішкі қалтасындағы тапал шөлмекті алды да, арасын үзбестен сіміріп салды. Арақ құрғыр, іштегі өкісікті бір мезет жеңеді ме, қалай? Денесі босап, маужырап кетті.
– Тима, тұр. Келдік, – деген жуан дауыс естілді. Жаңбырбай екен. Есігін ашып, оның көліктен түскенін күтіп тұр. Ол алдымен айналаға көз салды. Қазалының бір малшы ауылы. Көктем. Шаттана ән салған құстар. Маңыраған малдан көз сүрінеді. Анау шетте әдеміше келген үй мен тоқал там төбе көрсетеді. Күн де күлімдеп қарайды. Анау айтқандай қайғысы жоқ адамды шынайы шаттыққа бөлейтіндей-ақ жер екен. Бұл да көліктің есігін жаңа өмірдің пердесі ашылғандай қабылдап, жадырап сала берді.
– Жаңбырбай, ақыры келдік қой, келер жерге. Менің не істеуім керек? Бұрын-соңды мал бағып көрген емеспін, бірақ, мынау алып техникаларыңды оталдырып бере аламын, – деді. Тимур кішкентайынан көлік жөндеуге құмар-тын. Әкесінің інісі мықты механик болған. Дәрістен бос уақытында шеберханасына шақырып, білгенін үйрететін. Онысы келешек аш қалмасын, нан тауып жесін деген ойы. Бүгін кісі мақтанатындай кәсіппен айналысқалы жатпаса да, күнін көру үшін жарап тұрғаны қандай жақсы.
Жаңбырбай ауыл қазағындай қарқылдап тұрып күліп алды.
– Мал баға алмағаны несі? Оның несі өнер? Анау көк атты көрдің бе? Соған мінесің де малдың ізінен еріп отырасың, қайтар уақытта бері қарай айдап әкелесің. Болды. Ал техник көмекшіге нағыз мұқтаж адамның бірі менмін. Қыс бойы мызғып қалған темірлер денесін күн жылытқанда бұзылғыш болып қалады екен ғой, – деді ол таңдаудан қателеспегенін ұғып. Сөйтті де көлік ішінен бір шөлмекті шығарып, мұның қолына ұстатты.
– Бүгінше тынығып, демалып ал. Сәлден соң жеңешең ауқат береді. Одан соң осындағы тіршілікпен таныс. Әлгі тоқал там енді сенікі. Шаруашылыққа жақсылап көмектессең сені де ренжітпеймін, – деді қожалық иесі шөлмекке қарап. Бұл жігіт Тимурға ұнап-ақ тұр.
“Басқа түссе баспақшыл” деген бар. Бұл сөз біздің батырды айналып өтпеді. Ауыл тіршілігіне үйреніп алған ол таңертең тұрып, қора-жайды тазалайды. Бұдан соң малға су беріп, жайылымға шығарып салады. Күн қақ төбеге жеткенде түскі асын ішіп, мызғып алады да, қайта тұрып қожалықтың темір тұлпарларын әурелейді. Көнесін жаңартады. Кейде қожайынға еріп қалаға барады. Керек-жарағын түгендейді. Біреу қызығатындай өмір сүрмесе де, тағдыр тепкісіне алған өзі сияқты жандардан жағдайы жақсы. Ай сайын алатын жалақысы да жиылып қалды. Бүгін де күнделікті міндетін жасап, үйіне қарай беттеді. Көрші үйдің алдында шалқалап жатқан Жаңбырбай бұны шақырып алды.
– Тима, үйге кіреберісте “еншің” тұр. Соны ала кет, – деді қожайын. Онысы бір шөлмек арақ. Шөлмекті ұстап, тоқал тамға қарай аяңдап еді, Жаңбырбай тағы сөз бастады.
– Сен осы айлығыңды жинап, қашып кеткелі жүрген жоқсың ба? – деп қарқылына басты. Бұл сөзі тыңдаушының көңілін аса көтере қоймағасын салмақты әңгімеге көшті.
– Інім, енді не істемек ойың бар? Сенің мұнда жүргенің менің бейнетімді азайтатыны рас. Бірнеше айдың ішінде-ақ көп шаруа бітірдің. Оныңа ризамын. Тек кейде сенің болашағыңды да ойлаймын. Егер балаларыңа барғың келсе, басқаша өмір сүргің келсе жолыңа тұрмайтынымды біле жүр. Ал бірақ осында болуды шешсең, жұмыссыз қалмайсың, – деді. Ол айтарға жауап таппай, басын изеді. Мұнысы “ойланайын” дегенге келеді ме қалай? Үнсіз отырып, шөлмекті босатты да үйіне қарай аяңдады.
Бұдан кейін оның ұйқысы қашты. Мүмкін тәуекел етіп, Алматыға қайта оралғаны дұрыс шығар. Болмаса жиған қаржысына қаладан баспана жалдап, жаңа өмір бастаған жөн бе? Ол үшін құжат керек. Оны жоғалтып алған. Бұған дейін Жаңбырбайдан қайта оны жасауға көмектесуін сұраған. Ол таныстарына хабарласып көрді. Сөйтсе, алдымен Ресейдегі туған жеріне барып, туу туралы куәлігін алуы керек екен. Сосын өзі тіркеуде тұрған Алматыда құжаттарын жинауы қажет. Өзге елге өту үшін де құжат керек емес пе? Осыдан кейін құжат жасату туралы райынан қайтқан болатын. Ақыры қанша уақытқа екені белгісіз, осында қалуды түбегейлі шешті.
Бүгінгі таң ол үшін үмітсіз атты. Өйткені бұған дейін жақсы да болса жалғыздықпен қамаған ауылдан кетуді аңсайтын. Осыны байқағасын ғой, Жаңбырбайдың кешегідей әңгіме бастағаны. Бұған осында қалудан басқа амал жоқ екеніне толық көзі жетті. Қожалықтағы қарайып көрінген төбе басына беттеді. Шыңырауына шығып, жайғасып отырды. Ең құрығанда, қыздарының суреті де жоқ. Осындайда бейнесіне қарап, сәл де болса мауқын басар ма еді?
Ол өмірге өкпелі. Тағы қандай тосын сый күтіп тұрғанын білгісі келеді. Қандай болса да, тезірек өзгеріс болса... Малайшылықпен өмірі өтіп кетпегенін тілейді. Әлде күндердің күнінде алар демі таусылып, анау шеттегі құжынаған қорымның бір бұрышынан орын алар ма екен? Бұны тірісінде ешкім іздемегенде, бейітін іздеп келер кім бар дейсің? Өмір-ай! Сергелдеңге салған тіршілік!

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ