Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соқырішек боп ауруханаға түскен 8 жастағы баланың отадан кейінгі жағдайы қандай? (ВИДЕО)

Соқырішек боп ауруханаға түскен 8 жастағы баланың отадан кейінгі жағдайы қандай? (ВИДЕО)

Енді барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Барлық ем-шаралар клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілуде.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 8 жастағы Нұртас Балтабайға 7-інші рет жасалған отадан кейін баланың көзі көрмей қалған. Науқастың туыстары осылай деп шағымданды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Астана арнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, науқасқа соқырішек отасы жасалған кезде инфекция түскен. Сарыағаш аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Есболұлы осы аралықта іріңдеген ішектерінің біраз бөлігін кесіп тастағанын мәлімдеді.

"Бұл бала 15 күн бе, 16 күн бе, комаға түсіп қалған. Басы ісіп кетті дәу болып. Кейін мына ішінен калл, ірің атылып жатқаннан кейін Шымкенттен санавиация шақырып, сол жаққа жіберді. Бұл баланың ішін қалай жамайды енді? Қалай тігеді?", - деді анасы Захира Әбенова.

[video=]

Мәселенің мән-жайын Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Иябайұлы арнаға сұхбатында баяндап берді.

- Баланы мұндай жағдайға душар еткен не және ендігі жағдайы қалай болмақ?

- Пациент біздің ауруханаға соқырішектің асқынған түрімен түскен болатын. Түскен кездегі диагнозы - жедел гангренозды аппендицит. Жедел оталау бөлімінде ота жасалды. Отадан кейін 3 тәулікте асқыну өршіген соң, яғни перитонит белгілерінің өршуіне байланысты қайта ота жасалды. Науқасқа облыс мамандарының кеңесі ұйымдастырылып, облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Қазіргі таңда науқас хирургия бөлімінің қарқынды емдеу палатасында медициналық хаттамға сәйкес емін алып жатыр. Жағдайы - жалпы тұрақты. Барлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда науқастың салмағы - 15 жарым килограмм. Салмағы өз жасына келмеуіне байланысты, реабилитациялық көмек көрсету мүмкін болмай отыр. Салмақ қосу үшін құрамында ақуызы бар дәрілік препараттар және арнайы ақуызы мол тағамдар қабылдауда. Шымкент қаласындағы балалар оңалту ораталығының бас дәрігерімен оңалту туралы келісім жасалған. Пациенттің келер жағдайы ұзақ оңалтуды қажет етеді. Соның нәтижесіне болжам жасалады.

- Жалпы бала оңалып кете алады деп айта аласыз ба, кепілдік бересіз бе?!

- Енді барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Барлық ем-шаралар клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілуде.

- Операция жасаған хирургке қандай жаза қолдандыңыздар?

- Ол бойынша Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сарапшы мамандары, аурухананың ішкі аудит бөлімінің қараушы мамандарымен тексеру жүргізілді. Қорытындысы бойынша, аурухананың бірнеше қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылды. Атап айтқанда, соның ішінде ота жасаған дәрігер-хирургқа қатаң сөгіс жарияланып және ол өз еркімен жұмыстан босатылды.

Дәрігерлер баланың жағдайын бақылауда ұстауға уәде берді.
26 желтоқсан 2019 ж. 1 006 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930