Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер балалар күнде жеп жүрген өте зиянды 4 тағамды атады

Дәрігер балалар күнде жеп жүрген өте зиянды 4 тағамды атады

Тіс дәрігерлері газдалған сусын, қытырлақ картоп, кептірілген нан, чупа чупсты балаларға беруге болмайды деп дабыл қағуда. Осы тағамдардың кесірінен Алматыдағы 15 жасқа дейінгі балалардың 90 пайызының тісіне құрт түскен.
Дер кезінде емдемесе, буыны бекімеген баланың жақ сүйегіне дейін қисайып, тісі өспей қалуы мүмкін, деп хабарлады КТК.
Алматыдағы балалар тіс емханасында аяқ алып жүру мүмкін емес. Соңғы уақытта жеткіншектер арасында тісжегі ауруы асқынған. Емханаға келген 10 баланың тоғызында тіс құрты бар.
"Бұрын кәмпит, қант болса, қазір тәттілердің түрі көбейіп кетті. Газдалған сусын, қытырлақ нан, картоп, чупа чупсты бала аузында ұзақ сорып жүреді. Бұл өте зиян. Емханада істегеніме 22 жыл болды. Бұрынғы кезбен салыстырғанда қазір тісжегі өте көп. Бес бала келсе, соның бесеуінде де тісжегі бар", - дейді Алматы қалалық балалар тіс емханасың дәрігері Раушан Қозыбекова.
Қаладағы жалғыз балалар тіс емханасы 15 жасқа дейінгі барлық баланы ақысыз емдейді, барлық емшара тегін.
"Үйде жеме деп айтамыз. Мектеп арасында, үйге қайтқан кезде біздің көзді ала бере, сусындар ішіп, түрлі қытырлақтарды жейді. Үйде мұқият қадағалаймыз. Балалардың денсаулығы сақтау – ата-ананың міндеті", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Эльмира Шәкемова.
Емханаға келетіндер санының көбеюіне байланысты жұмыс уақыты да ұзарған.
"Емхана орта есеппен алғанда күніне 200-250 бала қабылдайды. Жылына 73 мыңдай бала емделеді. Балалар саны еш азайған жоқ. Керісінше, бұрын 5 күн жұмыс істесе, қазір 7 күн жұмыс істейміз", - дейді Алматы қалалық балалар тіс емханасының бас дәрігері Төретай Рузиддинов.
Мамандар баланың басы ауырып тісі солқылдағанын күтпей, дәрігерге жүгіну керек дейді. Сүт тістері түсіп, тұрақты тіс шыққанша жылына екі мәрте дәрігерге қаралған абзал.
04 қараша 2019 ж. 1 056 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930