«Менің кумирім – пайғамбарымыз»: Әбдіжаппар Әлқожа кімге табынатынын айтты
Әбдіжаппар Әлқожа кімге табынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі өнер иесі Әбдіжаппар Әлқожа өзіне кімді үлгі тұтанын айтып берді. Әнші үшін пайғамбар ғана үлгі бола алатын көрінеді. Ол бұл әрекетін әлсіздігімнен деп түсіндірді.
«Менің кумирім – пайғамбарымыз. Бұл өзімнің әлсіздігімнен шығар. Ол – адамның идеалы, ең күштісі, Алланың сүйікті пендесі. Сондықтан сол кісі менің кумирім», – дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
Алайда, пайғамбарды үлгі тұтып, сол кісіге еліктеген әншіні жұрт сынап тастаған. Олар өнер иесінің айтқан сөзіне сай емес екенін тілге тиек еткен. Осылайша желідегілер Әбдіжаппар Әлқожаны сөзің мен ісің бірдей емес деп сөкті.
«Пайғамбардың кумирі ән айтып, би билеп, бетін бояп сәндемейді. Олар тойхана жағалап емес, мешіт жағалап жүреді», «Пайғамбардың кумирі болсаң, сол кісінің сүннетімен жүрмейсің бе», «Енді пайғамбардың кім екенін айтады, үндемеңдер», – деп пікір қалдырды жұрт.