Қару алып жүрген күдікті құрықталды

Соған сәйкес жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 38 жастағы қала тұрғыны ұсталып, тексеру барысында одан шолақ мылтық алынды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті уақытша қамаққа алынды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен оған 5000 АЕК-ге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалуы мүмкін.
syrboyi.kz