Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды

Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды

Жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.  Бақытжан Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.

Сағынтаев бұл қызметке 2019 жылдың наурызында тағайындалған еді. 12 маусымда жаңа мемлекет басшысы қызметіне кіріскеннен кейін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтатпай, оларға жаңа тағайындауларға дейін лауазымдық міндеттерін атқаруды тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз

1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал қаласында дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітіріп, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы болып шыққан. Сол жылы Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы қызметіне кірісті. Ал үш жылдан кейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы және доцент болып жұмыс істеді.

Сағынтаев әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі, Павлодар облысының әкімі, Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қазақстанның премьер-министрі, мемлекеттік хатшы лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.





13 маусым 2019 ж. 1 883 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 106

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930