Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оn-line режимде қабылданған есептілік 40 пайызға артқан

Оn-line режимде қабылданған есептілік 40 пайызға артқан

Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз клубында Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер және 2017 жылы атқарған жұмыстар туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева брифинг өткізді.
Жолдаудауда белгіленген негізгі 10 бағыттың біріншісі индустрияландыру оның ішінде өңдеу секторы болып табылады. Алдын ала қорытынды бойынша облыста 2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 4,6% артты. Өсім жеңіл өнеркәсіпте 3,4 есе,сусындар өндіруде 2,1 есе,жихаз шығаруда 22,1%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатуда 1,6%, негізгі бағалы және түсті металдарды өндіруде 1,6%-ды құрады.
Экономиканы дамытуда табиғи ресурстардың орны ерекше. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша 1582,2 млн кВт.с. электрэнергиясы өндірілді, оның ішінде 1,3 млн. кВт.с күн электр станцияларымен өндірілген.
– 2017 жылдың қаңтар–желтоқсанында облыста автомобиль көліктерімен 104,6 млн. тонна жүк және 367,5 млн. жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,2 және 109,5 пайызды құрады, – деді басқарма басшысы.
Бесінші басымдық аясында, жүзеге асып жатқан бағдарламалар арқасында облыстағы пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі соңғы 5 жылда 2 еседен аса өскен. Тұрғын үймен қамтамасыз ету 2018 жылдың 1 қаңтарына 20,1 шаршы метрді құрады және 2016 жылмен салыстырғанда 3 пайызға жоғарылаған.
М.Баекееваның айтуынша, соңғы 10 жылда халық саны 150 мың адамға көбейді және 2017 жылдың 1 желтоқсанында 782,1 мың адамды құрады. Облыстағы өлімге қарағанда туу көрсеткішінің жоғарылығы жалғасуда. Өткен жылдың 11 айында 17,4 мың туылғандар мен 4 мың өлім тіркелген. 136 жұп егіздер дүниеге келген. Еңбекке қабілетті жастағылардың саны артуда (2017 жылдың 1 қаңтарына 445,1 мың адамды құрады). Бүгінгі таңда облысымызда 100 тұрғынға 8 зейнеткерден келеді. Некеге тұрғандар саны – 5094, ал ажырасулар - 1610 құрады.
– Облыс бойынша соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 67,5 жастан 72 жасқа дейін өсті. Жаңа туған сәбилердің шетінеуі 2 есе азайды (1000 туғанға), – деді ол.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады. 2017 жылғы ІІІ тоқсанда облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны 332,5 мың адам, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 117,2 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі-4,8 пайыз, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 4,5 пайыз болды.
Сегізінші басымдыққа сәйкес, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараттық жүйесі басқа мемлекеттік органдардың 28 ақпараттық жүйесімен біріктірілген. «Е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі аясында «on-line режимде деректерді Жинау» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол респонденттерге статистикалық органға бармай-ақ сандық қолтаңба арқылы есептілікті тапсыруға мүмкіндік береді.
2017 жылы on-line режимде 91 000 есептілік қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан.
Департамент сайтында респонденттер үшін барлық қажетті ақпараттар уақытылы орналастырылады, соның ішінде ескертулер мен ұсыныстарға «Сұрақ-жауап» топтамасы бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау шеңберінде іс-шаралар  жүргізіледі. Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және әдептілік нормаларын түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, өткізіледі. 2017 жылға 27 іс-шара жүргізілді. Сонымен қатар, жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Мемлекеттік статистика саласындағы заңнамаларының талаптарын сақтау тұрғысынан  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында 2017 жылы бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін, дәйексіз бастапқы статистикалық деректер ұсынғаны үшін 275 әкімшілік іс қаралып, 10 065 284 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде мемлекет пайдасына 8 613 124 теңге өндірілді.
24 қаңтар 2018 ж. 1 271 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930