Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айтулы айдағы ауызашар

Айтулы айдағы ауызашар

Айлардың сұлтаны – Рамазан айында №26 Қазалы темір жолды электрмен жабдықтау меке­месі «Қожаназар ишан» меші­тінің жамағатына ауызашар берді. Мешіт имамы Кенжебай Берінбаев: «Рамазан айын­да ораза ұстаған жан екі жағдайда қуанады. Бірі ауыз ашқанда, екіншісі Раббысымен қауыш­қанда, сонымен бірге «аузы берік жанға ауызашар беруші ораза тұтқанның сауабына ие болады» деген хадистері бар. Сондықтан сіздерді де Құдай қуантсын», – деді. Ауызашарға қатысушы барша жамағат атынан ЭЧ-26 мекемесінің басшысы Асқар Алмағамбетов пен ұжымының жұмысшы-қызметкерлеріне алғы­сын жеткізді.
Сауабы мың айдан артық қасиетті айдың құрметіне жайыл­ған дастарқаннан соң марқұмдарға құран қатым жасалды. Ұзақ жылдар бойы осы мекеменің басшысы болған еңбек ардагері Кемал Аманов ауызашарға қатысқан көпшілікке батасын берді.

Әлімжан ӘЛКЕБАЙҰЛЫ,
Әйтеке би кенті.
04 маусым 2018 ж. 1 950 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031