Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақта құқық бұзушылық саны азайды

Аймақта құқық бұзушылық саны азайды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеді.
"Қоғамдық орындар мен көшелерде, мас күйінде жасалған қылмыстар саны едәуір азайды. Ауыр санаттағы, орташа дәрежедегі және онша ауыр емес қылмыстардың ашылуы жақсарды. Жол қозғалысына бақылау күшейтіліп, соңғы 3 жылдың ішінде автопарктің 15 пайызға өсуіне қарамастан жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптары азайды", - деді ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Сансызбайұлы.
Сонымен қатар, облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 272 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардың көмегімен 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүзден аса қылмыс ашылған. Қоғамдық тәртіпті сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы халықаралық тәжірибелер зерделеніп, елімізде алғаш рет біздің аймақта жаңа үлгідегі техникамен жабдықталған 14 патрульдік қызмет бекеті қойылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі.
22 қаңтар 2018 ж. 1 695 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 32

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 66

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031