Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе – сырқаттанудан сақтайды

Екпе – сырқаттанудан сақтайды

Аудандық емханада «Еуропалық иммундау апталығы» аясында «Алдын алу. Қорғау. Иммундау» тақырыбында денсаулық акциясы өтті.


Онда Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Әбілов сөз алып, денсаулық акциясының мән-маңызы туралы айтты.

– Қазақстанда 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық аймақтық бюросының бастамасымен еуропалық бюро елдерінде жыл сайын сәуір айында иммундау апталығы өткізіледі. Осыған орай 23 сәуір күні аудандық оқушылар үйінде «Вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың эпидахуалын еуропалық иммундау апталығын ұйымдастыру, екпелерге қойылатын талаптар» тақырыбында облыстық көшпелі семинар болды. Оған Қармақшы, Арал аудандарының медициналық қызметкерлері қатысты. Бүгін сол апталық Қазалы аудандық емханасында жалғасын табуда, – деді ол.

Аудандық емхананың иммунолог дәрігері Айнагүл Иімбетова иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

– Бұл шараның негізгі мақсаты – халықтың иммунизация мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін жоғарылату, ата-аналар, діни консерваторлар арасында иммунизациялануды міндеттеу. Осы жолмен адам денсаулығын сақтау және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алуға бағытталған, вакцина, профилактика жетістіктер деңгейін көтеруді қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі жағдайда тұрғындар арасында көші-қон процесі қарқынды болуына байланысты эндемиялық елдерден жабайы полиемелит вирусын, қызылша, пандемия тұмауын және де басқа инфекциялық ауруларды, Қазақстанға әкелу туындайтыны рас. Сондықтан эпидемияға тұрақты жағдайды құру үшін республикамызда бірнеше рет балалар мен жасөспірімдерді қызылша, қызамық, полиемелитке қарсы қосымша жаппай вакцинациялау жүргізілуде, – дейді білікті маман.

Акция аясында «Шұғыла» балалар бақшасының бүлдіршіндері тақпақ айтып, №226 гимназия оқушылары «Вакциналар керуені» көрінісін қойды. Сондай-ақ, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің шәкірттері флешмоб биледі.
Жеңісбек СОВЕТҰЛЫ
29 сәуір 2019 ж. 1 445 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930