Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындарға тегін медициналық қызметтер көрсетілді

Тұрғындарға тегін медициналық қызметтер көрсетілді

Өткен сенбі күні Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты аудандық емханада "Ашық есік күні" өткізілді. 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған шарада дәрігерлер тұрғындарды қабылдап, тегін қызметтер көрсетті. Бұл күні барлығы 130-дан аса адам қаралып, 40-қа жуық тұрғын рентген және УДЗ аппараттарына түсті.

– Күн сенбі болғанына қарамастан емханаға көптеген адамдар келіп, дәрігерлерге көрінді. Бұл шараның негізгі мақсаты – халық денсаулығын жақсарту, аудан халқына жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету. Бұндай шара ауруды ерте сатысында анықтап, дер кезінде емделуге мүмкіндік береді. Барлық тексеру шаралары ақысыз, – дейді аудандық емхананың меңгерушісі Ғалымбек Баймаханов.

Бұл күні емхананың акушер-гинеколог, офтольмолог, онколог, эндокринолог, невропотолог, балалар невропотологы, оторинолорингологы тұрғындарды алдын ала жазылусыз қабылдап, кеңестерін берді. Күні бойына емделушілер қан қысымын өлшеу, бойын, салмағын білу, кардиологқа қаралу, ЭКГ тексерістен ақысыз өтті.

Айта кетейік, дәл осындай "Ашық есік күндері" ауылдық жерлердегі дәрігерлік амбулаторияларда да ұйымдастырылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
08 сәуір 2019 ж. 1 131 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930