Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмауға қарсы егу шаралары 1 қазанда басталады

Тұмауға қарсы егу шаралары 1 қазанда басталады

Иммундау науқаны тұмаумен қоса, жіті респираторлық вирустық инфекциялардан қорғау мақсатында жүргізіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.
Оған бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Биыл Ресейдің «Гриппол» вакцинасы салынады. Қазір оның 1,5 млн дозасы жеткізілді. Одан өзге елімізде тұмауға қарсы тағы 4 түрлі вакцина тіркелген. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин хабарлады.
Оның айтуынша, былтырғы маусымда тұмаумен 2 мыңнан аса адам ауырып, біреуі қайтыс болған. Әлем бойынша жыл сайын 500 мыңнан аса адам көз жұмады екен. Еліміздің бас санитар дәрігері суық тигенде өздігінен антибиотиктерді қолданбауға шақырды. Ауырған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрінуге кеңес берді. Бүгін Бекшиннің өзі де вакцина салдыртты.
«Біз егуді ең қауіпті халықтың топтарында жүргіземіз. Ол жиі-жиі ауыратын өкпе, жүрек ауруымен ауыратын балалар, содан соң медициналық қызметкерлер. Үшіншісі әлеуметтік үйлерде тұратын мүгедектер мен әлеуметтік қызметкерлер», - дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
17 қыркүйек 2018 ж. 1 515 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031