Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 4,5 млрд теңге аударды

Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 4,5 млрд теңге аударды

Биылғы наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына Қызылорда облысының тұрғындары 258,2 млн теңге аударды, – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 наурызы аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрады. Оның 96,5% жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 3,5 % – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жалпы, бүгінде қазақстандықтар қорға 157,8 млрд теңге аударды.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
11 сәуір 2019 ж. 1 262 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930