Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына қаржы бөлді

Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына қаржы бөлді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарламаға сүйенсек, шілденің 9-ына дейін Қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 396,9 млрд теңге берілген.
«Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттрдың жалпы сомасының 56 пайызы», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.
ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 704,5 млрд теңге.
«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1359 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салытырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 93,5 млрд теңгені құрады.
11 шілде 2018 ж. 1 234 0

Қысқы универсиада

19 қаңтар 2025 ж. 50

TikTok бұғатталды

19 қаңтар 2025 ж. 45

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031