Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі отбасы медиация арқылы сақталып қалды

Екі отбасы медиация арқылы сақталып қалды

Қазалы аудандық сотымен ашық сот мәжілісінде талап қоюшы Г.-ның жауапкер Е.-ге қойған неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Г., өзінің талап арызында, жауапкер Е.-мен заңды некеде тұрғанын, алайда, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген келісімін бекіту туралы талап-тілек қойып, медиативтік келісімнің талаптары бойынша талап қоюшы Г. мен жауапкер Е. татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.

Сот ұйғарымымен талап қоюшы Г. мен жауапкер Е. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация тәртібімен реттелген келісімі бекітіліп, аталған азаматтық іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуін сот бекітуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылды, сондай-ақ, бюджетке төленген мемлекеттік баж талап қоюшы Г.-ге қайтарылды.

Сонымен бірге сотқа талап қоюшы Н. жауапкер А.-дан неке бұзу туралы талап арызымен жүгінген.

Талап арыз бітістіруші-судья Қ.Т.Мыхановқа берілген.

Судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар келісімдерін берді. Нәтижесінде тараптар арасында туындаған дау, қатысуымен бітімгершілік рәсімімен аяқталды. Ерлі-зайыптылар сот талқылауы басталғанға дейін өзара татуласты.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
11 сәуір 2019 ж. 1 644 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30