Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицияның жас қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық туралы лекциялар оқылды

Полицияның жас қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық туралы лекциялар оқылды

Қызылорда облысының жас полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық, рухани тәлім-тәрбие туралы лекциялар оқылып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы жасаған қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан тұлғалар туралы бейнероликтер көрсетілді.

Лекцияларға ішкі істер саласының ардагерлері, жас мамандардың ата-аналары мен тәлімгерлері қатысқан. Аталған шара облыстық полиция департаментінің қатарындағы жас мамандардың слеті аясында өтті.

Полицияға жаңадан қабылданған қызметкерлерге мұндай лекциялар оқу «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобасы аясында ішкі істер саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында құрылған жобалық топтың ұсынысымен өткізіліп отыр.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев өз баяндамасында«Сыбайлас жемқорлықты жоюда үлкен нәтижеге қол жеткізген көптеген елдер, онымен күресті полиция органдарынан бастаған. Яғни, тәртіп сақшылары арасынан жемқорларды тазалау арқылы сол елдердің басқа салаларын жемқорлық жағдайын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берген. Агенттікте басты басымдық ретінде полиция органдарын жемқорлықтан тазалауды белгілеп отыр. Бұл тек қылмыстық құрықтау емес, алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу болып табылады», - деді.

Сонымен қатар, слет барысында жас мамандарға Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" мақалалары турасында жан-жақты, рухани тәлім-тәрбиелік баяндамалар оқылды.
Бағдат ӘБДІҚАДЫРОВ,
Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
02 сәуір 2019 ж. 1 623 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930