Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауыл, жауын-шашын...

Дауыл, жауын-шашын...

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

Оңтүстіктің кей жерінде қатты жауын-шашын жауып, тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, кей жерінде 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай болып, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және күндіз кей жерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Түркістан облысында күндіз найзағай болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстанда, түнде және таңертең Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман болады.
26 наурыз 2019 ж. 1 041 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930