Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүктемесін оңтайландыру бағытындағы өзгерістер

Сот жүктемесін оңтайландыру бағытындағы өзгерістер

Үстіміздегі жылдың 21-қаңтарында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Осы Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Заң жалпы түзетулердің бес тобын қарастырады. Олар:

Бірінші тобы - меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Екінші тобы - заңнаманы халықаралық актілердің ережелеріне сәйкес одан әрі келтіру ұсынылатын «Төрелік туралы» Заңды қолдану практикасында бар проблемаларды шешуге бағытталған.

Үшінші тобы- сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған түзетулерді құрайды.

Төртінші тобы - экономикалық және салықтық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге және осыған байланысты салық заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін ұлғайтуға бағытталған.

Бесінші тобы - өзге де түзетулерді қарастырады.

Енді осы түзетулердің ішіндегі үшінші топ - сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған түзетулерге тоқталсақ.

Осы Заң арқылы Азаматтық процестік кодексіне және «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес соттар бұрын қарайтын 9 даусыз талаптар нотариустарға беріледі. Бұл, мысалы, жалақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және т. б. талаптар. Мысалы, судья, егер талапты нотариаттық жазба бойынша жүргізуге болатын болса, іс бойынша талап арызды қайтара алады. Егер талапкер даудың болуын талап етсе, судьяның талапкерге іс бойынша сот шығындарын жүктеуге құқығы болады.

Атқарушылық жазбаны жасағаны үшін нотариусқа төленуге тиісті сома борышкерден негізгі қарызымен бірге өндірілуге жатады, егер олар ескертпе түрінде болса, пошта қызметі де өндіріледі.

Статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша атқарушылық жазба институтының қолданылуы артып келе жатқанын байқауға болады. Нотариустармен 2017 жылы - 24 000 жазба, 2018 жылы - 253 504 жазба шығарылған. Мұның бәрі дауды сотсыз шешудің түсіндірмелерінің жемісі деуге әбден болады.

Сонымен қатар, тараптардың келісімдеріне негізделген 10 талап оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден соттың бұйрықтық іс жүргізуіне берілді.

Ал оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша және талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау ғана қалды.

Бұдан басқа сот орындаушыларының жекелеген қаулыларын санкциялау соттан прокурорларға беріледі. Бұл сот орындаушылардың банк шоттарының нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты талап ету туралы; борышкердің мүлкіне, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғаның банктердегі ақшасына тыйым салу туралы қаулыларын санкциялау.

Соттарда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуына шектеулер және борышкерді мәжбүрлеп алып келуді санкциялау қалады.

Заңнамаларға енгізілген осы өзгерістер шын мәнінде соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік береді.
Дидар МҰРАТБЕКҰЛЫ,
Қазалы аудандық сотының төрағасы
26 ақпан 2019 ж. 1 643 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930