Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Білім басқармасы жасөспірімдердің төбелесі туралы видеоға түсінік берді

Қызылорда: Білім басқармасы жасөспірімдердің төбелесі туралы видеоға түсінік берді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада дәретханада қатарласын ұрып соққан жасөспірімдер туралы видеоға облыстық білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, әлеуметтік желіде қатарлас оқушыны ұрып-соққан балалар жайында видео тарап кеткен еді. Таяқ жеген оқушыға бірнеше жасөспірім қол жұмсаған. Қызылорда облыстық білім басқармасы аталмыш видеоға байланысты түсінік берді. Айтуларынша, келеңсіз оқиға бұдан бір жыл бұрын, 2018 жылдың 18 ақпанында болған. «Бұл оқиға Қызылорда қаласындағы №10 мектепте орын алған. Видеодағы жасөспірімдер былтыр 9-сыныпты бітірген. Қазір қаладағы колледждерде білім алады. Қазір мектепте оқымайды. Осы оқиға бойынша ешкім арыз түсірмеген. Жергілікті полиция өкілдері мән-жайды анықтап жатыр», - дейді облыстық басқармасының баспаөз қызметі.
www.inform.kz
30 қаңтар 2019 ж. 1 633 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930