Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сандықта сақталған қазына

Сандықта сақталған қазына

Редакциямызға денсаулық саласының ардагері Айша Бегалиева хабарласып, өз үйінде діни кітаптар бар екенін айтты. Газеттің бұл тұрақты оқырманы бізбен байланысу мақсатын — сандығында сақталған құнды қазыналар туралы кейінгі ұрпақтың білгенін жөн санауымен түсіндірді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жанды жұмыстар атқарылып жатқан тұста біз де мұндай толымды табыстың тұғырын табарына сенім білдіріп, жәдігерлер жанашырының көкейіндегісін көпке жеткізуді жөн санадық.


«Ескі заттарды, әсіресе, қағаздан жасалған өнімдерді сақтау оңай іс емес. Бұлар маған әкемнен қалған аманат. Барлығын көкем көзі тірісінде оқыды, пайдаланды. Кеңес дәуірі тұсында оларды насихаттамақ тұрмақ, дін туралы айту да қиындық тудырды. Әкем Төлепберген Бегалиев темір жол саласында жұмыс істеп, зейнетке шыққаннан кейін аудандағы «Қожаназар ишан» мешінде жұмыс істеді. Өте сауатты кісі болатын. Ата-бабасы діни сауаты мол, көкірегі ояу, көзі ашық жандар екен. Жалғыз ұлы — көкемді (әкем) Ташкент қаласына медресеге оқуға беріпті. Кейін темір жолшылар даярлайтын техникумды да сол жерде бітірген», — деп әңгімесін бастаған Айша Төлепбергенқызы әкесінің үнемі ізденісте жүріп, кітап оқитын дағдысы болғанын, сондай-ақ шәкірттерге тәлім бергенін сөз етті.

Безендірілуі мен мазмұны ерекше топтама кім-кімді де қызықтырмай қоймайды. Бұл үйдегі жиылған кенен мүлік атаның баласына берген малы емес. Маңыздылығы мол, салмағы зор кітаптарды көзінің қарашығындай сақтап отырған Айша Төлепбергенқызы сандық түбіне жиналған заттарды асықпай жайып қойып таныстырды. Жеке қордағы 30-ға жуық кітап, бірнеше діни тақырыптық басылымдар мен қалың дәптерлер, қойын кітапшаларға түсірілген қолжазбалардың кейбірінің шеті мүжілген, кейбірі көмескі тартқан. Енді бірі қолмен түптелген. Десе де тиянақты адам тұтынғандығынан хабардар етеді. Байқағанымыз, барлығы да төте жазумен жазылған. Шығыс жазбасын танымайтын біз мұндағылардың мазмұны туралы сұрағанымызда ол туралы Айша апа былай деп әңгімелеп берді.

«Жақында Алматы қаласындағы діни медреселердің бірінде тәлім алып жатқан жігіт келіп, мендегі кітаптар мен жазбаларды көріп, таң-тамаша болды. Бақсақ, көбі парсы тілінде жарық көрген екен. Ал қолжазбалар деп жүргеніміз, солардың төте жазумен жазылған арабша, қазақша аудармалары болып шықты», — деді.

Бауыржан есімді шәкірттің айтуынша, олардың мазмұндары да әралуан. Қатарында Құран кітабы, емшілік, дұғалар, күнтізбеліктақырыптағы шығармалар қамтылған. Басылымдарда діни ахуал, сол жолда жүрген ерекше жандар өмірлері де беріліпті. Сарғыш тартқан діни бағыттағы дүниелердің бірі 1892 жылы Қазан баспасынан жарық көрсе, бірі 1899 жылы Ташкент қаласында басылып шығыпты.

Айша апай: «Көкем жаны мен жүрегі таза, кішіпейіл, мақтануды білмейтін азамат болатын. Одан ақыл-кеңес алып, дертіне шипа етуін сұрап адамдар үйге жиі келетін. Жамандық пен қиындықтың бетін қайтаратын дұғаның түрлісін біле тұра, көкем олай жасағанды ұнатпайтын. Анам қолқалап, екі-үш адам ауруынан айыққанын көзім көрді. «Бәрі Алланың қолында» деп бізге де емші, құмалақшыға баруға да тосқауыл қоятын. Бірақ бала пішті. Намазын үнемі мешітте оқитын. Кезінде әруақты Қарамолда, Пәуедин әулиелердің өздерін арулап, құрандарын шығаруды көкеме аманаттауы тек емес деп ойлаймын.

Анам Масаты Бердалықызы екеуі мағыналы, тату-тәтті тірлік кешті», — деп өткен күндерін еске алып, есті естеліктерімен  бөлісті.

«Тәуелсіздік — түбімізді түгендеп, түбірімізге терең бойлауға мүмкіндік туғызып отыр. Қазақстан азаттығын алғаннан кейін бір кездері жоғалтып алған мәдени мұраларын қайта іздестіріп, табылғанын жинай бастағаны белгілі.

Балаларым Мархабат, Гауһар, Айшатқа үнемі әкемнің заттарын қастерлеу туралы айтып отырамын. Десе де кейбір жойылып кеткен, кездессе де мұражайда бар мұралар біздің үйге ғана емес, бүгінгі ұрпаққа қажетті құндылықтар деп ойлаймын. Алдағы уақытта діни терең сауатты, парсы, араб тілін жетік меңгергенжандар болса, өзімізде бар мәліметпен көпті хабардар етуге ықыластымыз», — деді сөз соңында.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
qazaly.kz



14 қаңтар 2019 ж. 3 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930