Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ниетіміз бұзылмаса екен

Ниетіміз бұзылмаса екен

Ата-бабаның бар мен жоқты, аш пен тоқты, адалдық пен сатқындықты бастан өткізген тарихына үңілсек, ашкөз тойымсыздық, қара басының ғана қамын ойлау секілді ұсақ пендешіліктен алыс жүрген. Керісінше ол кездегі адамдар бір-біріне өте қайырымды, жанашыр, сүйеніш болған.

Міндетті түрде қолындағы барымен бөлісуді мұрат тұтқан. Халық ынтымақты бірлігімен, шуақты мейірімімен ерекшеленген. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпаған. Барлығын ру басшысы, ауыл ақсақалдары шешкен. Халқымыз қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен іске асатын үй салу, қой қырқу, киіз басып, алаша тоқу, тай таңбалау, егін ору, шөп шабу сияқты қауырт жұмыстар ағайын-тума, ауылдастың, жалпы көпшіліктің көмегімен атқарылған.

Ал енді өзіміз өмір сүріп жатқан қазіргі заман адамдарының кісілік келбеті қандай дәрежеде? Нарық заңында бәрі есепке тәуелді, қаржы бас­ты рөл ойнайтыны, ақша болмаса ештеңе де бітпейтіні рас. Алайда кейбіреулер тек мен алсам, мен ғана ішіп-жесем, өзім ғана байысам деген ниетпен пейілін бұзып алғандай. Кейбір құндылығымыз өзгеріске ұшырап, жаппай ашкөздік пен дүниеқұмарлық, қарақан бастың ғана қамын ойлау белең алғандай.

Ғалымдар мен сарапшылардың пікірінше өткен ғасырдың 60-шы жылдары басталған тұтынушылық психология қазіргі таңда адамзат баласының ашкөздігіне, тойымсыздығына ұласқан көрінеді. Осыдан 30-40 жыл бұрын күнкөрісі бәрімізбен бірдей болған азғантай топтың миллионер, тіпті миллиордер атанып жүргендері жетерлік.

Айта кету керек олардың көбі қазір салықтан жалтаруды, нақты табысын жасыруды әдетке айналдырған. Сондықтан да ондайлардың шетелге шығуына шектеу қойылып, банктегі есеп шоттары бұғатталып жатыр.

ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Айдархан Құсайнов өзінің авторлық сайтында: («ДН» 30.06.2017) «Қазақстанда халықтың 1-3 пайызының ғана үлкен көлемде сауда жасауға немесе ақшалай қор жинауға мүмкіндігі бар. Қалған 97 пайыз халық жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреді. Жоғарыда аталған 1-3 пайыз бай халық Астананың сол жағалауындағы сәнді үйлерде оқшау тұрады. Олар Қазақстандағы нақты жағдайды білмейді» – делінген. Демек дәулеттілер 97 пайыз кедейлердің тұрмысын сезінбейді деген сөз.

Қарап отырсаңыз, бай-бағландардың ішінде де тартыс жетерлік. Олардың арасындағы бәсекенің бірі қымбат көліктеріне тағылатын «крутой» керемет нөмірлер. Бүтіндей отбасы көліктеріне бірдей нөмір тағып жүреді, шыны керек сол арқылы әулетті айыратын болдық. 2014 жылы ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес «керемет» нөмірлер ашық түрде сатылымға шығарылып миллиондаған ақша қаражаты мемлекет пайдасына түсіп жатыр. Ал енді қымбат нөмірлердің бағасына келер болсақ 2017 жылы 228 – яғни 517 332 теңге, 2018 жылы 285 АЕК – 685 425 теңге болған. Бір қызығы біздің бай-бағландарымыз қызығып жүрген «қу қаңылтырды» шетелде қоқыс таситын көліктер тағады екен.

«Қазір елімізде қалтасы қалың азаматтар жетерлік. Байлардың болғаны өзімізге жақсы. Дұрыс, байысын, бірақ жан-жағындағы адамдардың да жағдайын түзесін. Жұмыс орындарын ашсын, қайырымдылыққа көңіл бөлсін, мектеп салсын, спорттық кешен тұрғызсын. Қиын емес қой, оларға мемлекет қолдау білдірді, көмектесті, қысқасы жағдай жасады. Ендігі кезекте олар мемлекетке қол ұшын берулері тиіс», – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев кезекті жиындардың бірінде.

Елбасының бұл бастамасына қолдау білдіруші азаматтар да ортамыздан бой көрсетіп жатыр. Келешекте солардың қатары артып, жалпақ жұртқа пайдасын көптеп тигізе берсе деген тілегіміз бар.

Қазақ деген дархан халқымыздың ізет, имандылық, мейрімділік, қайырымдылық, инабаттылық, кішінің үлкен алдындағы парызы мен қарызы сияқты ежелгі ұстанымдары табанға тапталмаса, ниетіміз бұзылмаса екен деймін.

Кемал КӨПЖАСАР,
қаржы саласының ардагері

12 қаңтар 2019 ж. 1 298 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930