Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қарақшылық жасап, 5 млн теңгені алып кеткен қылмыскер сотталды

Қызылордада қарақшылық жасап, 5 млн теңгені алып кеткен қылмыскер сотталды

жеке түрғын үйге қарақшылық жасаған жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол үйге қарақшылық шабуыл жасап, үй иесін соққыға жығып, сейфтен 5 млн теңгені алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Қызылорда қаласында орналасқан үйдің жатын бөлмесіне терезеден кірген баукеспе сол бөлмедегі сейфті қолындағы темірмен бұзуға кіріседі. Жатын бөлмеден шыққан дауысты естіген үй тұрғыны солай қарай беттейді. Жәбірленушінің өздеріне қарай беттегенін естіген қарақшы оған бас шүйде тұсынан соққы береді. Жәбірленуші алған соққыдан есін жоғалтып алды. Сейфтен 5 млн теңгені қолды еткен олар оқиға орнынан бой тасалап үлгереді. Дегенмен ол алысқа ұзай алған жоқ. Полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

«Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің, 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтейді», - деп жазылған Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада.
11 қаңтар 2019 ж. 1 340 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 171

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031