Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сертификат сәттілікке жол ашады

Сертификат сәттілікке жол ашады

Бейсенбі күні аудан әкімі М.Ергешбаев “Бас­тау Бизнес” жобасы бойынша оқу курсын аяқтаған алғашқы топқа сертификаттар табыс­тады. Мұрат Нәлхожаұлы биылғы жылы облыс көлемінде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етіп, оның ішінде көшбасшы аудан ретінде Қазалының үлесі жоғары болу қажеттігін қадап айтты.
– Біздің аудан облыстағы кәсіпкерлігі дамыған өңірдің бірі десек артық айтқандық емес. Сондықтан да осы саланы дамытуға бөлінген қомақты қаржыдан өз үлесімізді алуымыз қажет. Бұл бастамаға кәсібін дөңгелентіп отырған жандармен бірге Сіздер де өз үлестеріңізді қосуға тиістісіздер. Ол үшін тынбай еңбек етіп, көп іздену қажет. Оған осы оқу курсынан алған білімдеріңіз де өз септігін тигізеді деп ойлаймын, – деген аудан басшысы “Бастау Бизнес” жобасы бойынша оқу курсын аяқтағандарға сертификаттарын табыс етті.
Басқосуда кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалының директоры Ермек Аймаханов хабарлама жасап, жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Оның айтуынша, 2018 жылға Қазалы ауданында “Бастау Бизнес” жобасы бойынша 220 азамат және “Бизнес Кеңесші” оқу семинары бойынша 90 азаматты оқыту жоспарланған. Оқыту кезеңі алты топқа бөлініп, 16 сәуір мен 23 қараша кезеңінде өтеді. Бүгінгі күнге дейін 16 сәуір мен 12 мамыр аралығында осы жоба аясында алғашқы топтың тыңдаушылары оқыту курсын аяқтаған. «Бастау Бизнес» және «Бизнес Кеңесші» оқу курсына қатысып, ағымдағы жылы филиалға құжат тапсырған 96 несие алушылардың құны 611,5 млн теңге құрайтын жобаларының құжаттары жинақталып, бизнес-жоспарлар әзірленген. Бақылау Кеңестерінде аталмыш жобалар қорғалып, оның құны 196,3 млн теңге құрайтын 52 жоба мақұлданып, қаржыландырылуда. Несиелендірілетін жобалар аясында 64 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «КазАгроКепіл» АҚ-нан қаржыландыруға мақұлданған құны 44,0 млн теңге құрайтын 10 жоба несиесін күтуде. Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бас­тап «Бастау Бизнес» жобасының 2-тобында 44 тыңдаушы оқуларын бастап кеткен.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
15 маусым 2018 ж. 1 001 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031