Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгілерінің жобасы таныстырылды

Қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгілерінің жобасы таныстырылды

Қазақстанда полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы ауысқан. ҚР Ішкі істер министрлігінде қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгілерінің жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz

Отандық тәртіп сақшыларының жаңа жұмыс киімінің фотосуреттері ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі әлеуметтік желіде атап өткендей, полицейлердің (патрульдік полиция) формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген және бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді. 
"Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар - оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы. Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік қазақстандықтардан ІІМ-нің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында отандық полицейлердің нысанды киімінің жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуды сұрады. 

Бұған дейін ведомство басшысы Қалмұханбет Қасымов қазақстандық полицейлердің жаңа киімінің 98%-ы отандық материалдан тігілетінін хабарлаған болатын.
20 желтоқсан 2018 ж. 1 357 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 215

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930