Сот жүйесін жаңғыртудың жүзеге асыру жайы түсіндірілді

Кездесу барысында М.Оспанов өз сөзінде, дауды шешудің балама түрлерін дамыту, сот ісін жүргізу кезінде жаңа технологиялардың енгізілуі, сот жүйесінің дамуына серпіліс әкелген «Сот жүйесін дамытудың жеті түйіні» жобасының жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.
Жетекші маман С.Сержанов баяндамасында, Елбасы жолдауында Сот жүйесін одан әрі жаңғырту бағыттарын атап, соттар жұмысында заманауи форматтағы сервистердің енгізілуі сот процедураларын қысқартуға, сот жүйесінің сапалы дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесу аясында қатысушыларға, Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы дағдарыстан өту, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі жөніндегі бағыттағы мәселелер турасында түсініктер берілді.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі