Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзіндегі киіктердің 95 пайызы Қазақстанда мекендейді

Дүниежүзіндегі киіктердің 95 пайызы Қазақстанда мекендейді

Қазақстанның жануарлар дүниесін 700 жуық инспектор қорғауда. Бұл туралы Астанада Mega Silk Way ойын-сауық орталығында Каспий Құбыр Консорциумы мен National Geographic Qazaqstan журналының бірлесіп өткізіп жатқан «Ұлы даланың киесі» фотокөрмесінде айтылды.

Әлемде киіктердің 5 популяциясы бар. Бірі – Ресейде, екіншісі – Моңғолияда, ал қалған үш популяция Қазақстанда.

«Киіктердің саны 215 мың. 2015 жылы 150 мыңнан аса киік қырылса, 2016 жылы 108 000, 2017 жылы 152300, ал 2018 жылы 215000 басты құрады. Жылдық өсім 40 пайызды құрауда. Мұнын барлығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторларының қорғау жұмыстарының нәтижесі», - дейді ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы.Шара барысында киіктер туралы бейнероликтер мен фотосуреттер жиынтығы көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«Бүгін өтіп жатқан көрме күнделікті оқып жүрген жаңалықтардың ішіндегі ең жағымды жаңалықтардың бірі. Бөкендердің тілі де, Парламенті де, Үкіметі де жоқ. Оларға кім жанашыр болатын кім? Әрине, адамдар. Бөкендердің аман жүргеніне рақмет айтуымыз керек. Осы шараны ұйымдастырушыларға рақмет! Кейде іссапармен баратын жерге көлікпен жетуге уақыт тығыз болған кезде тікұшақпен ұшамыз. Сондай кезде кең далада жүрген бөкендерді көреміз. Ол сондай тамаша көрініс», - дейді ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.Көрменің ашылу салтанатына «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ-ның бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин, белгілі саясаткерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен өнерпаздар қатысты.

23 қараша 2018 ж. 777 0

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 72

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 74

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 66

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 66

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 95

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031