Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда адамдарға медициналық сынақ жасалуы мүмкін

Қазақстанда адамдарға медициналық сынақ жасалуы мүмкін

Министрдің айтуынша, балаларға немесе әйелдерге арналған дәріні олардың өзіне сынап көрмейінше қолдануға болмайды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілістің жалпы отырысының сыртында дәрі-дәрмекті сынау үшін оны адамдарға ерікті түрде қолданып көру тәжірибесі туралы сұраққа жауап берді.
Әңгіме жаңа технологияларды енгізу мақсатындағы медициналық зерттеулер туралы, яғни бұл – міндетті талап, ол зертханалардағы клиникалық зерттеулерге дейін жүргізіледі, содан кейін кең қолданысқа енгізу алдында еріктілерге клиникалық сынақ жасалады. Осы кезге дейін халықтың белгілі бір санатына, атап айтқанда, балаларға, жүкті әйелдерге, әскерилерге мұндай сынақтар жүргізуге шектеу қойылған еді. Бұл жағдайда аталған норма біз осы санатқа арналған технологияларды немесе дәрі-дәрмекті қолдана алу үшін енгізілгелі отыр, сәйкесінше, сондай мүмкіндік беруге тура келеді. Балаларға сыналып көрмеген дәрі-дәрмекті балаларға қолдануға болмайды. Немесе сотталғандар арасындағы туберкулездің резиденттік формасына арналған препараттарды олардың өзіне сынап алмай қолдануға болмайды. Тиісінше, біз заңнама бойынша сондай рұқсат алуымыз керек. Бірақ ең бастысы – сынақтың ерікті түрде жүргізілетіні, – деді министр.
Елжан Біртанов дәрі-дәрмекті адамдарға сынап көру әлемдік тәжірибе екенін еске салды.
Тиісті құжаттар толтырылады, тиісті ережелер, стандарттар жасалады, соның ішінде, бұл зерттеулерді биоэтикалық комиссия қадағалайды. Мұның әлемдегі тәжірибе екені маңызды. Себебі балалардың күрделі ауруларын, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жаңа препараттаржаңа ғылыми зерттеулердің нәтижесінде пайда болады. Олар клиникаға дейінгі зерттеулер шеңберінде дені сау еріктілерге сынақ жасалғанда жақсы нәтиже көрсетеді. Көптеген пациент сондай зерттеулерге өз еркімен қатысуға ниет білдіріп жатады. Ол дәрі жасаушылар – университеттер, фармацевтика компаниялары есебінен тегін жүргізіледі, – деді Денсаулық сақтау министрі.
Елжан Біртанов мұндай зерттеулер медициналық көмек сапасын жақсартады.
Әлемнің жетекші медициналық университеттерінде пациенттерге арналған бөлім болады, олар зерттеуге қатысуға өтініш бере алады. Бір жағынан, бұл – технологияларға қол жеткізу, екінші жағынан, медициналық көмек сапасын арттыру. Бізде осы заң жобасымен клиникалық зерттеулер жасауға мүмкіндік болады, тұтас алғанда, біз көзқарасты өзгертіп отырмыз. Зерттеулердің мақсаты – жетекші дәрігерлер ғылыми ізденістермен айналыссын деген ой, – деді министр.
Еске сала кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады.
Заң жобасында 11 заңнамалық актіге, оның ішінде “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекске, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу көзделген.
Заң жобасы мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін және медициналық сақтандыру пакетін енгізу;
Медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру;
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын енгізу;
Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін жетілдіру;
Медициналық білім беру және ғылым жүйесін жетілдіру, медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру және басқа да бағыттар.

08 қараша 2018 ж. 997 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930