Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл соңына дейін медицина ұйымдары электронды жазба жүйесіне өтеді – Елжан Біртанов

Жыл соңына дейін медицина ұйымдары электронды жазба жүйесіне өтеді – Елжан Біртанов

Тегін дәрілер мен медициналық көмек, саланы цифрландыру мен пациенттерді мазалайтын өзге де сұрақтар туралы ОКҚ-да тілшілермен сұхбат барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтып берді.
Министр атап өткендей, негізгі аурулардан емдеу үшін биыл 3,5 млн адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатын болады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға артық.
«Дәрі-дәрмекпен қамту процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап амбулаториялық медикаменттерді сатып алу орталықтандырылып, сатып алу онлайн-трансляция арқылы жүргізілді. Осының арқасында 26,5 млрд теңге мөлшерінде бюджет қаражатын үнемдеп қалуға жол ашылды», – дейді министр.
Сонымен бірге Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласын цифрландыру пациенттерді алыс қашықтықтан қалайша емдеуге жол ашатынын айтып берді.
«Медициналық мобильді қосымшалар мен цифрлық технологиялар адамдардың әрбір персоналдық электронды жазбасын тіркей отырып, жағдайын алыстан бақылауға жол ашады», – дейді министр.
Осы мақсат бойынша 2020 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз электронды денсаулық паспортымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Министрдің айтуынша, биыл арнайы алаң іске қосылады. Ол алаң медициналық ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңмен интеграциялап, халықтың электрондық денсаулық паспорттарының бірыңғай банкін іске қосуға мүмкіндік береді. Осылайша, алдағы уақытта Қазақстандағы әрбір бала туғаннан бастап оның электронды медициналық тарихы үзіліссіз толтырылатын болады
«Медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарын компьютермен қамтамасыз ету деңгейі қалалар мен аудан орталықтарында 85,2 пайызды құрайды», – деп хабарлады Елжан Біртанов.
Министр сондай-ақ жылдың соңына дейін 100 пайыздық деңгейде медициналық ұйымдарда электронды медициналық жазба жүйесіне енгізу көзделіп отырғанын айтып өтті. Халықтың электронды паспортпен қамтылу көрсеткіші қазіргі таңда 11 миллионға жеткен.
Тегін медициналық көмек көрсету ауқымы туралы Елжан Біртанов 2021 жылы аталған бағыттағы қаржыландыру үлесі қазіргі 43 пайыздан гөрі 50 пайызға жететінін мәлім етті.
«ТМККБК пакеті бүкіл халық үшін минималды әлеуметтік стандарт болып, оның ішіне алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл медициналық көмек, клинико-диагностикалық қызмет, тегін дәрі-дәрмекпен қамту, негізгі, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек енеді. МӘМС пакетіне ТМККБК-дан тыс медициналық көмек: жоспарлы стационарлық көмек, қымбат тұратын диагностикалық қызмет пен ТМККБК-ға кірмей қалған аурулар бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді», – деп түсіндірді Елжан Біртанов.
Сондай-ақ аурулардың 262 тобының тиімділігі төмен диспансерлеуін трансформациялау жұмысын жалғастыру ұсынылған.
Денсаулық сақтау министрі аталмыш салада бәсекелестікті дамытып, бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, төмендету тақырыбын да қаузады. Атап айтқанда, ол медициналық қызмет нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ТМККБК жүйесінде жеке тасымалдаушылардың үлесін арттыру бағытында жұмыс жүргізілгенін тілге тиек етті. Осылайша, жеке тасымалдаушылардың қаражат үлесі 2017 жылы 8 пайыздан (49,7 млрд теңге) 2018 жылы 14 пайызға (85,9 млрд теңге) дейін өскен.
Кәсіпкерлермен тиімді қарым-қатынасты реттеу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан дәрі-дәрмекпен қамту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, қайта реттеу, МӘМС пен ТМККБК аясында медициналық қызмет көрсету бағыттары бойынша мәселелерді талқылайтын Бизнес кеңес құрылған.
Денсаулық сақтау министрінің пайымынша, бұл шаралар мемлекет пен денсаулық сақтауға қатысты жеке ұйымдардың арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 088 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 80

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930