Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада "MAGNUM CASH & CARRY" филиалы ашылды

Қызылордада "MAGNUM CASH & CARRY" филиалы ашылды

Бүгін Сыр өңірінде Қазақстандағы "Magnum Cash & Carry" бөлшек-сауда желісі ашылды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев сауда орталығында болып, қала тұрғындарын құттықтады деп жазады zakon.kz. 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.
«Мемлекет басшысының өзі бүгінде біздің алдымызға экономиканың жетекші күші - орта және шағын бизнесті жан-жақты қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде қойып отыр. Сол себепті, биылдан бастап алдағы үш жылды, 2018-2021 жылдарын аймағымызда «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияладық. Осы ретте, өңірімізде шағын және орта бизнесті дамыту, соның ішінде халыққа барынша қолайлы жағдай жасалған заманауи ірі кәсіпкерлік нысанның ашылуы - уақыт талабына сай іске асуы тиіс жоба»,-деді аймақ басшысы.
Бүгінде "Magnum"-да 322 адам жұмыс істейді. 18 мыңнан астам өнім түрі ұсынылған, сатып алушыларға 27 касса қызмет көрсететін болады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де кассалар қарастырылған.
Айта кету керек, "Магнумның" жеке наубайханасы аймақ тұрғындары үшін нан-тоқаш өнімдерінің 50-ден астам түрін шығарады.
"Magnum" Жібек Жолы даңғылы бойындағы "Array City Mall" сауда ойын-сауық орталығының бірінші қабатында орналасқан. Жалпы "Aray City Mall" сауда ойын-сауық орталығы Тәуелсіздік күні қарсаңында толық пайдалануға беріледі.
Мұнда түрлі брендтер мен сауда орталығының екінші қабатында балаларға арналған «Фанкитаун» (Funky town) иәртүрлі атракциондар, симуляторлар және ойын аппараттарымен жабдықталған балалар алаңы, "Киноплекс" (Kinoplexx) желісінің 7 залдық кинотеатры, фудкорт және мейрамханалар орналасатын болады.
07 қараша 2018 ж. 1 944 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 101

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 105

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 77

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031