Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі 140 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі 140 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

  Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев ірі көлемдегі мемлекеттік қаражатты жымқырды деп айыптап отыр. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
  Дипломат Ерік Өтембаев Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі ғимаратының құрылысы бойынша жалған құжатқа қол қойған деп күдіктеліп отыр. Ол атқарылған жұмыстар актісінің жалған нұсқасына қол қойған болуы мүмкін.
  Осы әрекеті арқылы ол 140 млн теңгеден астам немесе 380 мың долларға тең шығын келтірген.
  Сыртқы саясат ведомствосы аталған ақпаратты растап, алдағы уақыта ресми жауап ұсынылатынын жеткізді.
  Айта кету керек, Ерік Өтембаев бұл қызметті 2016 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келеді.
  Бұған дейін СІМ-нің жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Экс-шенеунікке 70 млн теңге жымқырды деген айып тағылған.
17 қазан 2018 ж. 856 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930