Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Реалдың дәрігері Роналдудың құпиясын ашты

Реалдың дәрігері Роналдудың құпиясын ашты

Футболшының медициналық сараптамасы дәрігерлерді таңғалдырды.
Криштиану Роналдумен жұмыс істеген мадридтік "Реалдың" дәрігері Хуан Карлос Эрнандес пен "Манчестер Юнайтед" клубының медициналық қызметкері Мик Клегг португалиялық футболшының жетістікке жету сырының неде екенін айтты, - деп хабарлайды Calciomercato. "Роналдудың жетістікке жетуінің үш негізі: дұрыс жаттығу, дұрыс тамақтану және дұрыс демалу", - дейді Эрнандес.  Ал Клеггтің сөзінше, шабуылшы мен өзге футболшылар арасындағы басты айырмашылық - мамандығын сүю. "Роналду ісіне берілген - бар сыры осы. Ол ешқашан тоқтамайды", - деп атап өтті ол.  2018 жылдың шілдесінде Роналду "Ювентусте" медициналық тексеруден өткен. Оның қорытындысы бойынша футболшының денсаулығы 20 жастағы жігіттікімен тең болған. Спортшының ағзасында майдың үлесі жеті пайыз ғана, әдетте бұл көрсеткіш 10-11 пайызды құрайды. 10 шілдеде Роналду "Реалдан" туриндік "Ювентуске" ауысқан болатын. Испаниялық клуб сапында ол Чемпиондар лигасында төрт рет жеңіске жетіп, сонша рет "Алтын доп" иегері атанған (тағы біреуін МЮ сапында жүріп алған). 
www.ktk.kz/kz

08 қазан 2018 ж. 967 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930