Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Реал" жанкүйерлері Роналдудың орнын кім басатынын айтты

"Реал" жанкүйерлері Роналдудың орнын кім басатынын айтты

  Испанияның Marca журналы "Реал Мадрид" жанкүйерлері арасында сауалнама өткізді. Жанкүйерлер туриндік "Ювентус" клубына жақында ауысып кеткен Криштиану Роналду орнын кім басады деген сауалға жауап берген.
  Сауалнамаға 200 мыңнан артық адам қатысқан. Олардың 26 пайызы "Тоттенхэм" шабуылшысы Гарри Кейнге дауыс берген. Екінші және үшінші орында 14 пайыз дауыс жинағандар – "ПСЖ" шабуылшысы Эдисон Кавани мен "Интер" сұрмергені Мауро Икарди.
  "Лион" шабуылшысы Мариано Диас пен "Бавария" клубы футболшысы Роберт Левандовски 15 пайыз дауыс жинаған.
  Естеріңізге сала кетейік, әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду Мадридтің "Реалынан" Туриннің "Ювентус" клубына ауысқан болатын. Португалиялық сұрмерген "Ювентус" командасымен төртжылдық келісімшартқа қол қойған. Жылына 30 миллион еуро көлемінде еңбекақы алады. "Ювентус" футболшының трансферлік құнына 100 миллион еуро шығындаған. Оны 2 жыл ішінде корольдік клубқа төлейді. Тағы бұрынғы командасына 12 миллион еуро береді. Криштиану Роналду "Реал" футбол клубы сапында 438 ойынға қатысып, 451 гол соғып, команда тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

massaget.kz
31 шілде 2018 ж. 1 382 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 149

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031