Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ажыратылған газ қайта қосылады

Ажыратылған газ қайта қосылады

Жібек жолы көшесіндегі көпқабатты 3 үйдегі 15 пәтердің тұрғындары қаржы жинап баспаналарына «көгілдір отын» кіргізіп алған. Алайда, олар газ таратушы мекемемен келісім-шартқа отырмай, жеке «Патсайы» серіктестігінің қызметіне жүгініпті. Осыған байланысты, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ қызметкерлері заңсыз қосылған газ құбырын тұрғын үйден ажыратты.
Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қыз­метінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас­қар­масының газ инфрақұрылымын дамыту және қауіпті өндірістік нысандарды мемлекеттік ба­қы­лау бөлімінің басшысы Олжас Исмалаев хабарлады.
– Газ құбырларын жүргізген жекеменшік мердігер мекеменің басшысының айтуынша, мекеме қызметкері басшысының қолын, мөрін өзі қойып, тұрғындармен заңсыз келісім-шарт жасағандығын мойындап отырған көрінеді. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Патсайы» ЖШС тұрғын үйлерді газға қосу үшін құжаттарын заңдастырып, филиал қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасауда. Сондай-ақ, мекеме жетекшісі тұрғындарға газ беру жұмыстарын жеделдетінін мәлімдеді. Аталған мәселе басқарманың тікелей бақылауында, – деді О.Исмалаев.
13 қыркүйек 2018 ж. 1 781 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031