Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада газдан ажыратылған тұрғын үйлерге көгілдір отын бүгін беріледі

Қызылордада газдан ажыратылған тұрғын үйлерге көгілдір отын бүгін беріледі

ҚазАқпарат-Табиғи газдан уақытша ажыратылған Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлерге бүгін газ беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте сала басшылары мәлімдеді,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше облыс орталығындағы АГРС-2 желісінде апатты жағдай тіркелді. Осыған байланысты құзырлы мекемелер дер кезінде жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау жөнінде хабарлама таратылған болатын. «Ақшабұлақ» кенішіндегі «Кристалл менеджмент» серіктестігіне қарасты электр стансасының тұтыну көлемін азайттық. Қызылорда жылу электр орталығын жаппай резервтік мазутқа көшірдік. Кеше кешке дейін АГРС-2 желісіне тиесілі газ реттеуші пункттерді АГРС-1 желісіне ауыстырдық. Бірақ КБИ және Тасбөгет шағын аудандарындағы 5 газ реттеуші пункт қосылмай қалды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түн ішінде жұмыс жүргізе алмадық. Бүгін таң атысымен аталған шағын аудандардағы пункттерді іске қосып, газ бере бастадық», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.
Брифингте қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістің филиалы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Сәтмағанбетов балконды қалпына келтіру үшін үй тұрғындарына көмек көрсетілетінін жеткізді. Сала басшылары жалпы мәселенің бүгін кешке дейін реттелетінін айтты.
15 ақпан 2018 ж. 1 906 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930