Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талсуатта 201 үй газдан уақытша ажыратылды

Талсуатта 201 үй газдан уақытша ажыратылды

Қызылорда қаласына қарасты Талсуат елді мекені тұрғындары дәл қазіргі уақытта газсыз отыр. Оған шкафтық газ реттегіш пунктінің алдындағы құбырлар қосылған жерден газ шыққаны себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 18 мамыры күні сағат 23-00-дер шамасында «ҚазТрансГазАймақ» авариялық жедел-құтқару қызметіне Талсуат елді мекені тұрғындарынан хабарлама кеп түскен. Тексеру нәтижесінде шкафтық газ реттегіш пунктінің алдындағы құбырлар қосылған жерден газ шыққаны анықталған.
«Жедел жеткен арнайы топ сол сәтте АГРС-1-дің Т-1 құбырын жапты. Бүгінде Талсуат оңалту орталығы мен 201 тұрғын үй көгілдір отыннан ажыратылды. Таңертеңнен бастап «ҚазТрансГазАймақ» жұмысшылары қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Олжас Исмаваев.
Мамандар газдың берілу уақыты қосымша хабарланатынын жеткізді.

19 мамыр 2018 ж. 1 263 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 301

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031