Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең үздік жедел жәрдем

Ең үздік жедел жәрдем

Елордада Қазақстанның барлық өңірлерінің және Литва командаларының қатысуымен өткен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы қорытындыланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің ең үздік жедел медициналық жәрдем бригадасы Ақмола облысының командасы болды. Екінші орынға Жамбыл облысының командасы ие болды. Үшінші орынды Астана қаласының командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздарын құттықтап сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарысын өткізу көпшіліктің қатысуымен өтетін шаралар барысында, төтенше жағдайлар туындаған кезде алғашқы көмек көрсетудің дағдыларын оқытуға, Қазақстанда симуляциялық білім беру саласында, медицинадағы шұғыл жағдайлар кезінде ең үздік тәжирибені енгізуге, жедел медициналық жәрдем қызметін ұйымдастыруға, командада тиімді жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
«Дәрігердің мамандығы, соның ішінде жедел жәрдем дәрігерінің мамандығы қоғамдағы ең қажетті мамандық. Ол өте күрделі, жанқиярлықты талап етеді, кейде адам өмірін құтқаруда шұғыл шешім қабылдауды талап етеді. Медицина қызметкерлерінің тәжирибесі, оларға тән адам өмірі мен денсаулығына деген жоғары жауапкершілігі барлық реформалардың сәтті жүзеге асырылуының және қоғамдың тұрақты дамуының кепілі», - деді министр Елжан Біртанов.
Ол дәрігерлерге кәсіпқойлығының, сезімтал жүрегі мен алтын қолдарының арқасында арадамдардың ризашылығы мен сүйіспеншілігі бөлене беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, ол әріптестеріне жаңа жеңістерге қол жеткізуде сәттілік тіледі.












07 қыркүйек 2018 ж. 1 522 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 137

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 142

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 150

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 129

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 127

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 143

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031