Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жігіті, намысты білесің бе?

Қазақ жігіті, намысты білесің бе?

Біз Ұлттық университетте, үйреніп қалған тілде айтсақ, Казгуде оқимыз. Біздің топта томаға-тұйық Манар атты сүйкімді қыз бар еді. Былтыр сол ұшты-күйлі жоғалып кетіп, көп ұзамай табылды. Байқағаным, ол қатты жүдеп кеткен екен, жүзі сынық. Тұнжырап жүргеніне қарағанда бір жайсыздықтың болғанын сезіп, аралас-құралас жүретін біздер оны сұрақтың астына алдық.
Ол жылап қоя берді.
Оқиға былай басталған екен. Мұны ауылдас құрбысы Жәзира туған күніне шақырып, көлікпен алып кететінін айтады. Бұрыннан араласып жүрген танысы болғандықтан еш қауіптенбестен келісімін береді. Бірақ, көлікке отырғанда ішіндегі Қанат деген жігіттің жылтың-жылтың әрекетінен түңіледі. Қала шетіне бет алған көлік бейтаныс үйге кілт бұрылып, тоқтағанда, сырттағы қарбаластың туған күн емес, тойға арналғанын көріп, бір жамандықты сезеді. Көліктің есігі ашылуы мұң екен, орамал ұстаған бейтаныс әйелдер: «оң аяғыңмен түс, айналайын!» деп жан-жақтан жамырап қоя бергенде, оны алып қашқанына нақ көзі жетеді. Қашып шығуға қанша әрекет еткенімен, нәтиже болмай сол үйде бес күн қамалып, теперіштің неше түрін көрген екен. «Сен сияқты көкірегіне нан піскендерді былай сынаймыз» деп, оны суық қораға да қамаған. Қыз бәрібір келісімін бермегесін, ағалары жігітті қайрап, арын таптатқысы келеді. «Ол қолынан келмеді», – дейді Манар. Бұған жігіттің үлкен ағаларының бірі шыдамаса керек, ашуланып, қызды тепкінің астына алған, әбден таяқ жеген құрбымыз бір амалын тауып, сол түні қашып шығыпты. Осыншама азғындыққа төзген оның қайратына біз таң қалыстық. Беті-ауызы көгеріп, үйіне жеткен қызды көргенде ата-анасы, бірден дабыл қағып, туысқандардан «қол» жинайды да, келін түсіргіштер ауылына аттанады. Олар қолымен істегенін мойынына алып, кешірім сұрап, қыздың аяғына жығылады. Тек, қызды сабаған елулердегі, болмай қалған «қайын аға» қашып кетіпті. Бұл – қыз алып қашудан «чемпион» саналатын Шымкентте емес, Алматы төңірегінде болған оқиға.
Біздің тобымызда, осындай жолмен келін болып кеткендер бар. Олар өмірлеріне риза емес. Қазіргі уақытта ажырасудың көбейіп тұрғаны да осыдан шығар деген ой келеді. Осыдан кейін, оқыған қыздар қалайша феминистердің қатарына қосылмайды? Бұл кімнің намысы? Бұл – нағыз қазақ жігіттерінің намыссыздығы.
Қазақстанды әлемге масқара еткен «Борат» фильмінде Бораттың Памела Андерсонға сырттай ғашық болып, кейіннен онымен жолыққанда, қапқа салып алып қашпақшы болатын тұсы бар емес пе? Сол да біздегі осындай оспадарсыз жігіттердің қисынсыз қылығынан алынған шығар. Әйтпесе, шетелдіктер оны қайдан білсін? Осындайда намысын таптатып қойған, әдепсіз жігітсымақтарға ызаң келеді. Не қылған кәсібі жоқ, не мәдениеті жоқ, жұрт соңында жалбаңдап біреуді алып қашқанына мәз. Абай айтпақшы, «өзің бір қорсың, өзің сияқты тағы бір қорды дүниеге әкелгеннен не пайда?»
Орыстың шовинист жазушысы Михайл Веллер Ресейдің қазіргі ахуалы жөнінде жазған «Соңғы ұлы мүмкіндік» кітабында: «қазақтар империямызға феодализммен кірді, феодал қалпында шықты» деген еді. Ол, әрине, біздің елдің зор мәдениеті болғанын мойындамайды. Сондықтан өз түпкі, яғни ішкі мәдениетімізді табайық деймін, құрбылар!
Серік МҰҚТАРҰЛЫ,
Алматы.
22 тамыз 2018 ж. 1 519 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 103

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 100

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 99

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930