Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның бет-әлпетін анықтайтын IT-бағдарлама

Адамның бет-әлпетін анықтайтын IT-бағдарлама

Мүсілім Ертуған ойлап тапқан бағдарламаны ҚР Бас прокуратурасы пайдаланбақ. Жаңа IT-бағдарлама Бас прокуратура ғимаратына кірген қызметкерлердің келбетін анықтауға қолданылғалы отыр.
Қазақстандық жас программист Мүсілім Ертуғанның айтуынша, әрбір адам бетінің ешкімге ұқсамайтын 128 нүктесі бар. IT-маманның жасап шығарған бағдарламасы сол жүйеге сәйкес жасалған. Жаңа жүйені әзірлеуге 1 айға жуық уақыт жұмсалған.
“Бағдарлама бүгінде әзірлену үстінде. Бұл тектес жобалар әлемде бұрыннан бар. Қытайда өте жақсы дамыған. Қытай полицейлерінде бейнебақылау орнатылған көзілдірік бар, ол арқылы көп адамның ішінен қылмыскердің бет әлпетін танып анықтауға болады. Біздің бағдарлама Бас прокуратураның қызметкерлері үшін әзірленіп жатыр, яғни жұмысқа келгенде өткізу (кіргізу) жүйесі, қазір оларда ID карта қолданылады. Біздің жаңа жүйе арқылы қызметкерлер ешқандай карта немесе басқа да рұқсатнамасыз кіре береді. Бұл бір жағынан жалпы қауіпсіздік үшін, екінші жағынан әр қызметкердің өзіндік жеке жүйесі болады», – деді Method PRO бағдарламасы бойынша үздік IT-жоба авторы Мүсілім Ертуған.
Айта кетейік, 15 тамыз күні Астанада еліміз бен шетелдердегі жас IT-мамандардың үздік жобаларының таныстырылымы өтті.
16 тамыз 2018 ж. 1 161 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 30

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 30

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930