Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер еңбегі ардақталды

Ардагер еңбегі ардақталды

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел есінде сақ­талған аға буын перзент­терді кейінгі толқын – жас ұрпақтарға ұлағат етуді жүктегені белгілі. Осы ретте қасиетті Қазалы жерінде кіндік қаны тамып, туған жердің өресін биікке көтеруге ынты-шынтымен атсалысқан жаны жаз, көңілі көктем жандар жетіп артылады. Солардың қатарында соғыс және еңбек ардагері Оңдалы Сердалыұлы Кітабалиевтің есі­мін де аса құрметпен тілге тиек ете кеткен орынды. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында ел шебін жаудан қорғауға қатысса, бейбіт заманда ауыл шаруашылығы жұмыстарының бел ортасынан табылған. Қарапайым еңбек адамы ұзақ жыл сиыр фермасын басқарып, аталған саладағы озық тәжірибесімен танылған.
Жақында ардақты ардагердің бүгінгі ұрпақтарының бастамасы және демеушілігімен Қызылорда қаласындағы «Тұмар» баспасынан «Ғибратты ғұмыр иесі» атты кітап жарық көрді. «Ұрпақтар сағынышы сарқылмайды», «Көз көргендердің кең пейілі», «Жүрек­тен шыққан жыр жолдары» атты бөлімдерден тұра­тын туындыда оның өмір жолын­дағы асқаралы белестері, адам­гершілік болмыс-бітімі жан-жақты ашып көрсетіледі. Сондай-ақ өткен күндер бейнесінен сыр шертетін фотосуреттерге де орын берілген.
«Туған жер» бағдарламасы қолға алынып, рухани жаңғыруға бетбұрған шақта шығарылған кітаптың туған жер тарихын білуге ынтық жастар мен барлық оқырмандарға тигізер пайдасы мол екеніне шүбә жоқ.
Сөз соңында кітап авторы, әріптесіміз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сахи Бахиұлы Қапарға қаламгерлік шабытыңыз шалқып, жазарыңыз көбейе түссін деген тілегімізді арнаймыз.
Гүлдана ЖҰМАХАНОВА
07 тамыз 2018 ж. 1 573 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 113

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031