Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – мәмілеге шақырады

Медиация – мәмілеге шақырады

Қазақ ежелден дуалы сөзге бас иген халық. Екі адам арасындағы келіспеушілік пен жанжалды көрегенді билердің, әділдікке табынушы төрелердің көмегі арқылы шешіп отырған. Соның себебінен топтық жанжалдар мен небір қайғылы оқиғалардың алдын ала білген. Бүгінде қазаққа тән бітімгершілік әдісі араға біршама уақыт салып, қайта жаңғырды. Заман ағымына сай дау-жанжалды бейбіт түрде үшінші тараптың қатысуымен шешу бүгінде медиация әдісі деп аталатыны баршаға белгілі.
Медиацияға Заң тұрғысынан да мәртебе беруі бұл саланың қоғамға сіңісуіне өз ықпалын тигізді. Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастар 2011 жылдың 5 тамызында күшіне еніп, “Медиация туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Өткен жылдардың іс тәжірибесі негізінде “Медиация күні” белгіленді. Ал 2018 жылы 27 сәуірде Мемлекет басшысы “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізді. Соның нәтижесінде Ассамблея қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етіп, медиацияны дамытуға ықпал етудің басты тетігіне айналды.
Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Әйтеке би кенті әкімдігінің мәжіліс залында «Қоғамдық келісім және медиация» тақырыбында медиатор Ертай Алғашбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдері мен аудан жастары қатысып, екіжақты келісімді ұйымдастыру, бітімге келудегі қиыншылықтар сияқты медиация төңірегіндегі мәселелерді талқылады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
06 тамыз 2018 ж. 1 387 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930