«Бизнес-кеңесшіні» оқып, грант ұтып алды
Кәсіпкерлер палатасында сұранысқа ие жобалардың бірі – «Бизнес-кеңесші» оқу курсы.
Өткен жылдың өзінде «Бизнес-кеңесшінің» аясында 800 адамды оқыту міндеттемесін алсақ та, іс жүзінде 1555 қызылордалықты оқытып шықтық.
Жыл басталғалы 1773 азамат оқытылды. Оның ішінде 758 қызылордалық – облыстық әкімдік жариялаған инновациялық жобаларға арналған гранттарға қатысушылар. Қазірдің өзінде 1600 адам «Бизнес-кеңесшіні» оқуға кезекте тұр.
«Бизнес-кеңесшіні» оқыған азаматтар арасында биылғы жылдың 6 айында 244 азаматтың жалпы құны 364,2 млн теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылды.
«Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысушылардың бірі – Жанар Шаутеева. Оның қолдан сыйлық жасау (handmade) жеке хоббиі болатын. Ол жұбайымен бірге халыққа ерекше сыйлықтар ұсынуды ойластырып, фанерден лазермен әрлеу арқылы жасалған түрлі бұйымдар шығара бастайды.
Достар, ерекше сыйлықтар әлеміне үңілгіңіз келсе @podar_ok_kz инста парақшасын қараңыз. Сізді қуантатын сыйлықты осы жерден таба аласыз.
Өткен жылдың өзінде «Бизнес-кеңесшінің» аясында 800 адамды оқыту міндеттемесін алсақ та, іс жүзінде 1555 қызылордалықты оқытып шықтық.
Жыл басталғалы 1773 азамат оқытылды. Оның ішінде 758 қызылордалық – облыстық әкімдік жариялаған инновациялық жобаларға арналған гранттарға қатысушылар. Қазірдің өзінде 1600 адам «Бизнес-кеңесшіні» оқуға кезекте тұр.
«Бизнес-кеңесшіні» оқыған азаматтар арасында биылғы жылдың 6 айында 244 азаматтың жалпы құны 364,2 млн теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылды.
«Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысушылардың бірі – Жанар Шаутеева. Оның қолдан сыйлық жасау (handmade) жеке хоббиі болатын. Ол жұбайымен бірге халыққа ерекше сыйлықтар ұсынуды ойластырып, фанерден лазермен әрлеу арқылы жасалған түрлі бұйымдар шығара бастайды.
Халықтың сұранысын байқаған Жанар қызығушылығын кәсіпке айналдыруды ойлайды. Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысып, кәсіпкерлік әлеміне бағыт алған ол өз идеясын инновациялық грантқа ұсынды. Нәтижесінде грант иегері атанып, берілген қаражатқа осы бұйымдарды жасап шығаруға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қазіргі уақытта түрлі ұлттық көрмелерге қатысып, өз бұйымдарын ұсынып жүрген жас кәсіпкер мемлекеттің беріп жатқан көмегіне дән риза.
«Біз ең алдымен өз көзқарасымызды өзгертуіміз керек екен. Жақсы ойлар нәтижелі жұмыстың негізі болатынына көзім жетті. Осы хоббимен айналысып жүргенде мемлекеттен көмек алуға болады дегенге еш сенбейтін едім. «Бизнес-кеңесші» курсына қатысып, кәсіпкерлік негіздері туралы ақпарат алдым. Содан кейін қызығушылығымды кәсіпке айналдыру мақсатында жобамды инновациялық грантқа ұсындым. Грант иегері атанғаныма қуаныштымын», - дейді Жанар Шаутеева.Достар, ерекше сыйлықтар әлеміне үңілгіңіз келсе @podar_ok_kz инста парақшасын қараңыз. Сізді қуантатын сыйлықты осы жерден таба аласыз.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі