Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түлкі етін жеуге бола ма?

Түлкі етін жеуге бола ма?

Қазақта "иттің етінен де жек көрем" деген сөз бар, ал түлкі еті ше? Жеуге жарай ма?
Түлкінің жауы аз, себебі оның етін жабайы аңдардың өзі жегісі келмейді. Түлкіні тек әдемі терісі үшін ғана ұстайды. Ал етін жемеуге екі себеп бар: біріншіден, түлкінің еті құрғақ, түк май жоқ десе де болады және өте қатты, пісуі қиын.
Екіншіден, оның иісі сасық болады. Әсіресе түлкінің терісін сыпырған кезде оның иісінен дем алу қиындап кетеді, тіпті етін пісірсе де иісі кетпей қояды. Ал егер жеу керек болған жағдайда, бір ғана жолы – 12 сағаттан аса уақытқа қойып маринадтау. Тіпті одан кейін де иісі сезіліп тұруы мүмкін.
Табиғатта түлкінің жауы аз екенін айттық. Түлкі етінің иісінен жиіркенбей жей беретін сілеусін ғана. Сілеусіндер кез келген иісі сасық аңды жей береді және де түлкінің ініне жету үшін сағаттап жерді қопсытып қазуға да барады, бастысы деликатеске жетсе болды.
massaget.kz

11 қараша 2019 ж. 1 721 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031