Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Музарт тобының әншісі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап орталық ашпақ

Музарт тобының әншісі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап орталық ашпақ

Кенжебек Жанәбілов мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашпақ деп жазады ҚазАқпарат.
Алматыда үш әлеуметтік жоба иелері марапатталды. Байқауда 18 жоба қарастырылды. Екінші орынды МузАРТ ансамблінің әншісі Кенжебек Жанәбіловтің «Ел назы» арт-терапия орталығы жобасы жеңіп алды.
«Қазақта жақсы сөз бар. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген. Осындай әлеуметтік қайырымдылық жобалардың маңызы артып келеді. Біздің басты мақсатымыз – осы жобаларды мемлекетке көрсету, қоғамның назарын аудару, сол арқылы әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж адамдарды өмір сапасын жақсарту болып табылады», – деді «Нұр Отан» партиясы Алматыдағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова.
Әнші есту қабілеті нашар балалардың шығармашылығын дамытуға арналған орталық ашады. Оған осы диагноз қойылған кез келген бала қатыса алады.
«Біздің орталықта есту қабілеті төмен, кахилярлы имплант салынған балалармен жұмыс жасалады. Мен бұл проблеманы өзімнен өткіздім. Менің өзімнің үлкен ұлым құлағы естімейтін болып дүниеге келді. Біз 7 жасына дейін көп уақыт созып жүріп алдық. Миына дыбыс келмеген соң адамның миы ұйықтап қалады екен. Кахилярлы имплантты 6,5 жасында орнаттық. Содан бастап баламыз мектепке барды, аттарымызды айтады», – деді Кенжебек Жанәбілов.
Аталған орталықта әзірге 40 бала білім алатын болады. Орталықта сурдопедагогтар қызмет етеді. Домбыра, вокал өнерін үйретеді.
sn.kz
01 тамыз 2018 ж. 2 124 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930