Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар Бурабай тауларында түнде жүрмеуге кеңес берді

Мамандар Бурабай тауларында түнде жүрмеуге кеңес берді

Синюха (Көкшетау) тауындағы оқиғадан кейін Ақмола облысының туристік ақпарат ортлығы мен өңірдегі туроператорлар демалушыларды тауға шыққанда абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сіздерден тауда қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Дайындалған гидпен топпен бірге жүріңіздер... Өз беттеріңізбен тауға көтерілмеңіздер, бұл өмірлеріңіз үшін аса қауіпті!», - деді Ақмола облыстық туристік ақпарат орталығының қызметкері. «Бурабай Даму» ЖШС да туристерге өз өмірлеріне қауіп төндірмеуге шақырды. Тауда күн күркіреуі, тұман мен түнде тау арасында жүру адамдарға қауіпті екендігін айтты. «Таудағы найзағай - ең үлкен қауіп, себебі адам биіктікте болғанда, найзағай разрядына тап болуы мүмкін. Жай түскенде және күн күркірегенде ауа тербеліп, тас құлауы мүмкін. Найзағайдың келе жатқанын ауа иондалуынан білуге болады. Ондай кезде адамдардың шаштары тұрып, тараған кезде тітіркенуі мүмкін. Металл заттарға адамның денесі тигенде электр разряды болады», - деді «Бурабай Даму» ЖШС-да. Аталып өтілгендей, тұман көру мүмкіншілігін нашарлатып, жолдан адастыруы мүмкін. Мамандар түнде тауда жүрмеуге кеңес беруде. «Көптеген адамдар Бурабай курорттық аймағында таудың биіктігі маңызды емес деп есептейді. Осылайша, тауда жүру ережелері мен техника қауіпсіздігін елемейді. Бұл қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, өз беттеріңізбен тауға шықпауды сұраймыз», - деп түйіндеді ведомстводан. Еске салайық, 2018 жылдың 25 шілдесінде 24 жастағы Астана тұрғыны селфи жасаймын деп, таудан құлап кеткен еді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр.
inform.kz
28 шілде 2018 ж. 1 989 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930