Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Ақмола облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында күн қатты ысиды, кей жерлердеаптап ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өрт шығау қаупі жоғары.
09 шілде 2018 ж. 1 458 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031