Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктердің 11 шілде күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктердің 11 шілде күнгі ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 шілде күні еліміздің жекелеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін.
Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Республиканың тек батысында, оңтүстігінде, және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл тұрып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Жамбыл, Қостанай, Ақмола, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарында бұршақ болуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
11 шілде 2018 ж. 1 291 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031