Бала көтеруге және тууға көмектесетін 10 қарапайым ереже
Бұл ережені Астана қаласы №3 Перинаталды орталығының акушер-гинеколог дәрігері, жоғары санаттағы маманы Динара Кабулова ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
1. Мекен-жайы бойынша уақытылы жүктілікке тіркелу, дәрігерлердің нұсқауларын болжытпай орындау және дер кезінде қаралып жүру;
2. Бала тууына қолайлы жағдайлар жасау (психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік, физикалық және экологиялық жағдайлар);
3. Дәрумендер, микроэлементтер мен минералды тұздар барынша қаныққан пайдалы, табиғи, қоспасыз азық-түлік пайдалану: шырындар, жеміс, көкөніс, дәні бұзылмаған жармалар, жаңғақтар, бал, сүт өнімдері, жұмыртқа, ет, балық, жаңа піскен және құрғақ шөптер, бұршақ тұқымдастарды ас мәзіріне молынша қолдану қажет;
4. Ағзалардың (тері, өкпе, бауыр, бүйрек) дәрісіз тұрақты және тиімді жұмыс істеуіне қол жеткізу керек;
5. Жаман әдеттерден аулақ болыңы ( ішімдік, темекі шегу, есірткі, пассивті темекі шегу);
6. Жеңіл, тығыз емес киімдерді, қолайлы аяқ-киімді кию;
7. Күнделікті табиғи дене белсенділігі: жеңіл босануға оңтайлы психофизикалық дайындалу үшін жаяу жүру, шама жетерлік гимнастика жасау, еркін билеу, өз-өзіне массаж жасау;
8. Босаңсу дағдыларын, күйзелістен арылу дағдыларын меңгеруге және толыққанды дем ала білуге үйрену;
9. Болашақ баланы тәрбиелеу: классикалық музыка, әдемі табиғат, суреттер, әдебиет, үй ішінің жайлылығы болса артық болмайды.
10. Босануға бірлескен психофизикалық дайындық, серіктестердің босану кезінде қатысуы (егер мүмкін болса).