Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордалық емханаларда бахила сату тоқтатылды

Елордалық емханаларда бахила сату тоқтатылды

«Астана – адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде медициналық мекемелерде бахила тарату тоқтатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, емделушілер дәрігерлердің бахила кию керек деген ескертпесіне жиі арызданған.
«Біз өзіміздің қызмет алушыларымызға «Нені өзгерткіңіз келеді» деген сұрақ қойдық және жауап алдық. Сауалнамаға 500-ден астам адам қатысқан. Кейбіреулер емханаларда ішетін ауыз су болғанын қалайды, кейбірі медорталықтарға келгенде бахила сатып алғызатынын, біреулерге ілініп тұрған ақпараттар түсініксіз екендігі айтылды. Біз барлық арызды жинап алдық та шешуге тырыстық. Жоба әзірге аяқталмады, дегенмен қазірдің өзінде біздің медорталықтарда оң өзгерістер бар», - деді Қ.Надыров.
Айта кетейік, айтылған міндеттерді жүзеге асыру медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға көмектеседі.

12 шілде 2018 ж. 1 415 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 151

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930